✅Бұл арнада Қисса-сүл әнбия, Сияр шәріп, Мың сұрақ, Яссауи Феномені, Салт дәстүр жайлы қазақ даласының мыңдаған жылдық Ислам өркениетінің құндылықтары, қиссалар мен аңыздар, ғибратты оқиғалар жинағын бөлісеміз. ✅Қазақ ұлтының ғасырлар сүзгісінен өткен саф құндылықтарынан көкіректеріңізге НӘР алып, өмірлеріңізге МӘН дариды деп сенеміз. ✅Толық аудио форматта тыңдау үшін биодағы Telegram каналы, Spotify podcast немесе VK music playlist арқылы ыңғайыңызға қарай тыңдап жүрсеңіз болады
Ruhani Portal
✅10. Үйлену тойы Адам ата мен Хауа ананың некесі қиылған соң, жұмақта үлкен той болыпты. Ұлық Алла: – Менің орынбасарым Адам үйленеді. Олардың сән-салтанатын арттырып, жаннатты әшекейлеп безендіріңдер. Құлымның көңілін шаттық пен қуанышқа бөлеңдер. Оған тарту-таралғы сыйлаңдар, – деп періштелер мен хор-ғылмандарға әмір етіпті. Періштелер жұмақты дүр жауһарлармен безендіреді. Той-думан Туба ағашының түбінде басталыпты. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅10. Үйлену тойы @Ruhani Portal
✅ 9. Адам ата мен Хауа ана қиссасы Адам жаннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлады. Ұлық Алла Хауа ананың тәнін жасау үшін Адам ата ұйқыда жатқанда оның сол жақ бұғана қабырғасын таңдайды. Себебі Тәңірі тағала Адамның бұғана сүйегін жердің қиыршық тасы жоқ, ұлпа құмынан жаратыпты. Адам атаның ең нәзік, ең жұмсақ етінен жаралғандықтан, әйел адамның денесі мамықтай жұмсақ, мақтадай нәзік болыпты. Адамның сол жақ қабырға асты босап қалғасын, көкіректің ортасында тұрған ет жүрек босап қалған тарапқа қарай ойысады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 9. Адам ата мен Хауа ана қиссасы @Ruhani Portal
✅ 7. Әлімсақ уәдесі Хазіретті Адам бірде Ұлық Аллаға: – Ұрпағымды көрсем бола ма? – деп қолқа салды. Алла тағала Адам атаның белінен оның қияметке дейін таралатын барлық ұрпағының тұқымын құдіретімен суырып алды да, шашып жіберді. Самсаған сансыз рухтар аспан әлеміне сыймай кетті. Кейбір рухтар құйрықты жұлдыздай жарқырай ағып, арасында заулап ұшып жүр. Ерекше үлкен һәм айбарлы көрінді. Адам ата: – Не себепті мына рухтар ерекше үлкен, айрықша нұрлы? – деп сұрады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 7. Әлімсақ уәдесі @Ruhani Portal
✅ 6. Адамға жан кіргізу қиссасы Ұлық Құдай рухты жаратып: – Денеге кір! – деп әмір етті. Рух жансыз, қараңғы балшық тәннің ішіне кіруге қорқып тұрды әрі жансыз дененің иісі де жағымсыз еді. Жебірейіл барлық періштеге құйқылжытып, жеті сазбен зікір айтуды бұйырды. Адамды қоршай қаптаған қисапсыз періштелер сазды әуендермен зікір айтып бастайды. Рух саздың ырғағына ілесіп тербелгенде, бір сәтке өзін ұмытып мастық халге түседі. Сол кезде Жебірейіл оны тәнге жайғастырып үлгереді. Жан алдымен адамның башпайынан бастап кіре бастады. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 6. Адамға жан кіргізу қиссасы @Ruhani Portal
✅8. Мұхамбеттің (с.а.у.) нұры Адам атаны жаратқан соң, Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Ақ жақұттан Хаджар әл-асуад деген тақ жасап, оған Адам атаны салтанатпен отырғызды. Қазіргі Бәйтул Мұқадастағы қара тас Адам атаның алғашқы тағы болған екен. Барлық періштелер: – Адам менің орынбасарым болады. Он сегіз мың ғаламдағы барлық жаратылыс адамның игілігі үшін қызмет етеді. Оған құрмет көрсетіңдер, – дейді. Самсаған періштелер салтанатпен сап түзеп, Адам атаны көру үшін сан мыңдаған ғаламдардан тоқтаусыз ағылып келіп жатты. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅8. Мұхамбеттің (с.а.у.) нұры @Ruhani Portal
