Найти в Дзене
Қисса-сүл Әнбия. Пост және аудио

Қисса-сүл Әнбия. Пост және аудио

Қисса-сүл Әнбия кітабының үзіндісі және Телеграм каналдан аудио форматын толықтай тыңдай аласыз
подборка · 7 материалов
2 года назад
✅8. Мұхамбеттің (с.а.у.) нұры Адам атаны жаратқан соң, Ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Ақ жақұттан Хаджар әл-асуад деген тақ жасап, оған Адам атаны салтанатпен отырғызды. Қазіргі Бәйтул Мұқадастағы қара тас Адам атаның алғашқы тағы болған екен. Барлық періштелер: – Адам менің орынбасарым болады. Он сегіз мың ғаламдағы барлық жаратылыс адамның игілігі үшін қызмет етеді. Оған құрмет көрсетіңдер, – дейді. Самсаған періштелер салтанатпен сап түзеп, Адам атаны көру үшін сан мыңдаған ғаламдардан тоқтаусыз ағылып келіп жатты. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅8. Мұхамбеттің (с.а.у.) нұры @Ruhani Portal
2 года назад
✅ 5. Ібілістің Алла дәргейінен қуылу қиссасы Ібіліс әуелде періштелерге ілім үйреткен ұстаз болған екен. Оның есімі Әзәзіл еді. Ұлық Алла тағдыр тақтасына «бір мақұлық малғұн болады» деп жазыпты. Періштелер бұл жазуды көріп, үрейлері ұшты. Бәрі жиылып, Әзәзілге келді. – Әй, Әзәзіл, сенің дұғаң тез қабыл болады, «Алла бізді малғұнның қатарынан қылмасын» деп дұға тіле! – деп жалынды. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 5. Ібілістің Алла дәргейінен қуылу қиссасы @Ruhani Portal
2 года назад
✅ 4. Ібілістің адамды тамашалау қиссасы Ұлық Алла Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырын аралап қайта шықты. Ол періштелерге: – Бұл мақұлық Құдайға орынбасар болуға лайық емес, – деді. – Неге? – деп періштелер таңғалды. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 4. Ібілістің адамды тамашалау қиссасы @Ruhani Portal
2 года назад
✅ 3. Жерден топырақ әкелу қиссасы Ұлық Алла Жебірейілге: – Сен жерге бар да, бір уыс топырақ әкел! – деп бұйырды. Періште келген кезде топырақтың көңілі босап, езіліп тұр екен. Жерді көріп Жебірейілдің де көңілі босады. – Жер, сен неге жылайсың? – деді. – Адам менің бір бөлшегімнен жаралған соң, олар мен үшін қымбат. Ертең олар бір-бірімен қырқысады, ұрысады, қан төгеді. Соны ойласам, қабырғам қайысып, жаным езіледі, – деді жер. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 3. Жерден топырақ әкелу қиссасы @Ruhani Portal
2 года назад
✅ 2. Адамның жаралу қиссасы Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да – бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес, құпия қазына болатын. Тәңірі тағала – түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату үшін өзіне орынбасар жаратуды ұйғарды. Сол кезде тау-тас, орман-ағаш, от-су, аспан-жер – барлығы «адамды менен жаратса екен» деп таласыпты. Жалғасын аудиодан тыңдай аласыз.👇 ✅ 2. Адамның жаралу қиссасы @Ruhani Portal
2 года назад
✅ 1. ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ Қазақ сахарасында өткен ишан, қожалар жас балаларға, ең алдымен, қиссаларды, аңыз, хикаяларды үйреткен. Көгілташ, Қарнақ медреселерінде оқыған шәкірттер Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясымен» танысты. Бұл үрдіс мың жыл бойы жалғасып келді. Олардың Сыр мен Батыс, Арқа өңіріндегі көрнекті өкілдері Шораяқтың Омары, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы, Сүгір Бегендікұлы Құран қиссаларын жыр-өлең түрінде шығарып, халыққа таратты. Соның арқасында қарапайым халық Құранның мазмұнына жетік болды. «Өнеге шашқан жыршылық, Құдайға бұл да құлшылық» деген сөз осыдан қалса керек. Аудио форматта тыңдағыңыз келсе 👇 ✅1. Әлқисса @Ruhani Portal