Құрманғазы Сағырбайұлы | Qurmanǵazy Saǵyrbaıuly Құрманғазы Сағырбайұлы (1818–1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы, домбырашы, қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы болып табылады...
ESEN MEDIA
Тасбих оқу — Алланы зікір ету, яғни Оны еске алып мадақтау. Көбіне намаздан кейін немесе күнделікті уақытта арнайы дұғалар мен зікірлер айтылады. Ең кең тараған тасбих оқу тәртібі: 33 рет: سُبْحَانَ ٱللَّٰهِ «Субханаллаһ» — Алла барлық кемшіліктен пәк 33 рет: ٱلْحَمْدُ لِلَّٰهِ «Әлхамдулилләһ» — Барлық мақтау Аллаға тән 33 рет: ٱللَّٰهُ أَكْبَرُ «Аллаһу әкбар» — Алла Ұлы Соңында 100-ге толықтыру үшін: لَا إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّٰهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ ٱلْمُلْكُ وَلَهُ ٱلْحَمْدُ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа ‘алә күлли шәй-ин қадир» Мағынасы: Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Бүкіл билік те, мақтау да Оған тән. Оның әр нәрсеге күші жетеді. @esenmediakz
