Найти в Дзене
Покупайте СтеллыИ дарите их за контент
2 месяца назад
 • Вы подписаны

Тасбих оқу — Алланы зікір ету, яғни Оны еске алып мадақтау. Көбіне намаздан кейін немесе күнделікті уақытта арнайы дұғалар мен зікірлер айтылады. Ең кең тараған тасбих оқу тәртібі: 33 рет: سُبْحَانَ ٱللَّٰهِ «Субханаллаһ» — Алла барлық кемшіліктен пәк 33 рет: ٱلْحَمْدُ لِلَّٰهِ «Әлхамдулилләһ» — Барлық мақтау Аллаға тән 33 рет: ٱللَّٰهُ أَكْبَرُ «Аллаһу әкбар» — Алла Ұлы Соңында 100-ге толықтыру үшін: لَا إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّٰهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ ٱلْمُلْكُ وَلَهُ ٱلْحَمْدُ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа ‘алә күлли шәй-ин қадир» Мағынасы: Жалғыз Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Бүкіл билік те, мақтау да Оған тән. Оның әр нәрсеге күші жетеді. ‪@esenmediakz‬

Покупайте СтеллыИ дарите их за контент