Найти в Дзене
Рабочий процесс🧚🏻‍♀️! “My.LASHROOM “🩷 Преимущества NEO-техники: • никаких пластырей; • комков клея; дискомфорта; • индивидуальный подбор изгибов, длины и эффектов под ваш разрез глаз; • наличие более 5 эффектов; • учитываем все ваши пожелания
2 года назад
Кірпіктер әйелдің сыртқы келбетінің маңызды белгісі болып табылады, оның сұлулығын көрсетеді. Олар көзге назар аударып қана қоймайды, сонымен қатар кескіннің қажетсіз бөлшектерін жасыруға көмектеседі. Сіздің қалауыңыз бен көзіңіздің ерекшеліктерін ескере отырып, кірпіктеріңізді жасайтын дұрыс кірпік жасаушыны таңдау өте маңызды. Кірпік жасаушының жұмысы әрқашан өзекті болады, әсіресе сіз жақсы маман болсаңыз Біздің салонымызда сіз NEO-техникасын қолданып кірпік ұзартудың барлық қыр-сырын, жайсыздық тудырмай, тек көзіңіздің табиғи сұлулығын баса көрсету үшін кірпігіңіз ұзартасыз. “My.LashRoom”
2 года назад
Өмір: 1. Сізге пайдалы емес қуаныш сыйламайтын нәрселердің бәрін тастаңыз. 2. Жақсы немесе жаман жағдай ол бәрібір өзгереді. 3. Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз оған қарамаңыз, тұрып киініңіз де жүре беріңіз. 4. Барлығы әлі алда. 5. Сіз іштей әйтеуір бақыттысыз. Сондықтан бақытты сезініңіз!
2 года назад
Адамдармен: 1. Жақындарыңыздан жиі хабар алып тұрыңыз. 2. Күнде басқаларға жақсылық жасаңыз. 3. Барлығын кешіріңіз 4. 70 – тен асқан қарт адамдармен және 6 жастан кіші балалармен көбірек қарым - қатынаста болыңыз. 5. Күніне кем дегенде үш адамға күліп қараңыз. 6. Сіз туралы басқалар не ойлайды деп бас қатырмаңыз. 7. Сіз науқастанып қалған сәтіңізде «жұмыс» сізге жағдай жасамайды, достарыңыз көмекке келеді, сондықтан олармен қарым-қатынаста болыңыз.
2 года назад
Жеке бас: 1. Өміріңізді ешқашан өзгенің өмірімен салыстырмаңыз. Себебі, сіз олардың өмір жолы қалай өткенінен мүлдем бейхабарсыз. 2. Көңіліңізді түсіретін жағымсыз ойларды өзіңізде ұстамаңыз, оның орнына ойыңызды дәл қазіргі жағымда нәрселерге аударыңыз. 3. Өзіңізді тым артық кіналай бермеңіз. 4. Алтын уақытыңызды өсек - аяңға жұмсамаңыз. 5. Көңіл сергітер уақытта көп армандаңыз. 6. Күншілдікке салыну ойыңды босқа ластау, өйткені сізде өзіңізге керектің бәрі бар. 7. Өткен уақыттың келеңсіздігін ұмытыңыз, сүйіктіңізге де өткен қателігі туралы айтпаңыз. Ол сіздің қазіргі бақытты шағыңызды бүлдіреді. 8. Уақыт сондай қысқа, өшпенділікке жұмсамаңыз. Басқаларды жек көрмеңіз. 9. Әр адам өз бақыты үшін жауапты. 10. Есте сақтаңыз, өмір – мектеп, сіз мұнда оны танып білуге келдіңіз. Қиындықтар – оқу жоспарының бір бөлігі, біресе туындайды, біресе шешіледі, тура математика пәніндей, алайда сол алған сабағыңыз өмір бойына есте қалады. 11. Көп күліңіз және қуаныңыз. 12. Әрбір туындаған дауда ұтуға тиіс емессіз.
2 года назад
Өміріңді жақсы жағына өзгертуде – жалқауланба! 1. Күнде 10 минут тыныштықта отырыңыз. 2. Таңғы асыңыз патшаның асындай, түскі асыңыз ханзаданың асындай, кешкі ас қайыршының асындай болсын. 3. Тағам рационында жемістерді көп тұтыныңыз, заводтарда өндірілген өнімдерді аз тұтынған жөн. 4. Көбірек ойын ойнаңыз. 5. Көбірек кітап оқыңыз. 6. Су көп ішіңіз 7. Күнде 7 сағат ұйықтаңыз 8. Күнде бір уақыт 20 - 30 минут жаяу жүріңіз, күліңіз.
2 года назад
•Барлық кемшіліктеріңді ұмыт. Ең бастысы өзіңнің ар-ожданыңды ойла. •Басыңды салбыратпа. Жақсы көрінуді ұнататын қыздар алдына тік қарап жүреді. •Үнемі белсенді және өзіңе сенімді бол. Мүмкіндігінше жан-жағыңдағыларға көбірек жақсы көңіл-күй сыйлай біл. Оларға үнемі күндей күлімдеп жүретін әсер қалдыр. •Тыңдай біл. Өзгелердің пікірін сыйлай біл. Өзіңдікін айта берме. •Қасыңа күтім жаса. Көз – жүректің айнасы. Күннен қорғайтын көзәйнекті де ұмытпау керек! Дұрысы қасты арнайы мамандарға жөндеткен дұрыс. •Өзгеруден қорықпа. Алға қарай ұмтыл. Жан-жақты бол. Бірнәрсеге айналсоқтай берме. Байқап көр. Өзіңді таны. •Жұпар аңқып жүр. «Өз иісіңді» тап та, үнемі соны бүркіп жүр. Иістер адамдардарға әсер қалдырады. •Бет қызартатын далапты үнемде. Одан да таза ауада көп жүр. •Бір нәрсемен айналыс. Мысалы, таэквондоны үйрен. •Біреулерді көшірме. Өз стиліңді тап. •Хош иісті конфет алып жүруді ұмытпа! Барлық жарнамалар таза дем түсіністікті жеңілдетеді деп дәлелдейді. Онысы рас! •Тамақты тәбетпен және әдемі же. «Диета» деген сөз жағымсыз. •Аяқ алыс адымдарыңа қарап жүр. Жүрісің тартымды болсын. Аяғыңа қарама, асықпа, өкшеңді қисайтпа. •Көлемді кішірейт. Сөмкелердің көлемін өзгерт. Тартымды кішкене сөмке тұрғанда үлкенін ұстаудың қажеті қанша? •Көбірек оқы. Көп нәрседен хабары бар адаммен араласқың келіп тұрады емес пе? •Мақсатыңа жетуге талпын. Өзіңе бір мақсат қой да, соған қарай ұмтыл. Ішкі дауысыңа сен. Мақсаты бар адамдар тартымды болады. •Дәмдеуіштерді пайдалан. Ең болмағанда тағамның бір түрін жасап үйрен. Тіпті ол қарапайым алма пирогы болса да, жақындарың мен достарыңды қуант. •Шашыңа күніге қарап жүр. Үйлесімді, ұнамды етіп жасай біл. •Басты нәрсені айтпа. Қыз баласы бірінші кездесуде-ақ өзі туралы түгел айтып тастауға болмайды. Кейбір жұмбақтарды қалдыр. Жігіттер жұмбақты шешкенді жақсы көреді! •Даусыңды қатты көтеріп сөйлеме. Өз-өзіңді ұста. •Ойна! Өзің туралы кино түсір, басты рөлде ойна, түрлі образға кіріп көр. •Ақылгөйсіме. Қыздың өзін ақылды көрсеткісі келіп цитаталар немесе мақалдар қосып сөйлегені ашуды келтіреді. •Сыйлықтар сыйла. Кішкентай немесе қолдан жасалған болса да достарыңа, таныстарыңа жайдан жай сыйлық сыйла. Өйткені сенің көңіл-күйің жақсы. •Адаммен сөйлескенде қолынан ұста немесе арқасынан қағып жақында.. Психологтар мұның сөйлесушінің көңілін жайландыруға көмектесетіндігін айтады. •Шұқылана берме. Үстелдегі ұнтақтарды домалатып, салфетканы бүктеме т.т. Бұлар өте жаман көрінеді. Оның орнына кекіліңді бетіңнен үрлеп жібер. •Айырмашылықты сезін. Тартымды киін, бірақ әлем-жәлем болмасын. Мәселен, қысқа юбка, жабысқан кофта, қып-қызыл далап, қап-қара боялған көз қандай қызды елестетуі мүмкін? •Қолыңа күтім жаса. Маникюрді ұмытпа. Жұмсақ, әдемі қолдарды ұстағың келіп тұрады. •Көбірек күлімде. Сенің бақытты екеніңді бәрі көрсін.
2 года назад
Қиял-адамды шексіз ғаламға апарар жол. Иа бәлкім ойларсың(сыз) дар құр арман, бітпес ой, орындалмас мақсат деп!!. Жоқ. Адам нені қаласа соны орындауға өзгесіз ақ қол жеткізе алады. Қиялдамайтын адам болмас шіркін!. Иа әр кеш бір арман және өзің қалаған өмір ғой.Мен бос арманшылмын бәлкім, бірақ менде арман бар болашаққа деген сенім мен жоспар бар. Көбі айтады''орындалмас бос қиял мен фантазияны не істейсің?''-деп. Мен сол арқылы өзіме ой салам егер мен болашаққа осы оң көзбен қарасам демек мақсатым айқын. Әр адамның қиялында өзі қалаған өмір бар! Онсыз болмайды . Мен өз армандаған әр арманымды мііндетті түрде орындаймын. Иа өмір қысқа күлу керек, жүру керек. Өз орнымен бәрі. Әр минутты өз арманыңа бір қадам деп елестет.Өз жолыңды дара ету де қара етуде өз қолыңда. Өмір бір ақ рет беріледі. Бір ақ рет келгендегі жолыңды өшпести ет. Артыңнан даттар емес мақтар сөз қалсын себебі сені бақылар милион көз , миллион пікір , миллион сын бар ол белгілі, сол жолдан сүрінсең бәрі саған жабылады да бұл өмірден шететіп тастайт. Ал сүрінбесең жолың ашық ең бастысы ата-анаң сенімен мақтанатындай, басын тік көтеріп жүре алатындай, үмітін ақтайтын, анаңның сеніміне кірбің ұялатпайтындай, әкеңді жерге қаратпайтындай бол. Алдағы ұрпаққа және сыншылдар мен міншілдерге өзіңнің кім екеніңді көрсет. Қазірден бастап ойлан өмір өтте қысқа. Бұл менің саған(сізге) деген шағын мотивациям болсын!!қияли, қуам, деп ойлап қажеті де жоқ өз ойың өзіңе маған сын айталмайтын сыншылдардың сөзінің маңызы жоқ.
2 года назад
Адамдар "бақыт" деп атауға тұрарлық керемет бір құндылық бар деп ойлайды. Тіпті соған жетуді өмірлік мақсаты санайтындар да табылады. Бақыт деген бар ма өзі?! Ол - бар болғаны мәтіннің тақырыбы ғана. Ал мазмұнын әр адам өз еркінше жазады. Өзгелер айтқан бақыт қолымда деп налыма. Ал өз өміріңді бақытқа толтыруға мүмкін бір-ақ қана қадам қалғанда болар. Бәрі мүмкін. Мен үшін бақыт әкемнің сенімі, анамның күндей күлімсірегені, бауырымның амандығы.Одан басқа қандай бақыт керек. Біреу үшін бақыт ақша, ал кейбіреу үшін тіпті басқа құдайға керек емес дүниелер. Уақыт өте келе бәрі өз орнымен болады. Мен үшін ең қымбат бақыттың өзі шоқ жұлдыздай сөнуі мүмкін. Міне не үшін әкемнің сенімін , анамның күлкісін ,бауырымның амандығын бақытқа санамасқа. Бұл сезімдергеде бір күні зар болып қалармын.Ал ақша болса, қолдың кірі.Бүгін бар ертен жоқ .Бақыттың не екенін тек сен ғана білесің. Себебі бұл - сенің өмірің. Бақыт іздеп сарсаңға түсуге де міндетті емессің. Өйткені, бақыт - әуелден бері сенің өзіңде, жүрек түкпіріңде. Тек көре білсең болғаны. "Жақсы адамдар сiзге бақыт әкеледi, жаман адамдар тәжiрибе бередi, ең жамандар сабақ бередi, ал ең жақсылары, естелiк қалдырады." Жасыңа жас қосылған сайын өмірге деген көзқарасың жаңа дем табады,кеңейе түседі.Есейген сайын бақыттың дәмін татуға жан-тәніңмен тырысасың.Сол бақытқа жету үшін балалығыңды қиюға батылың жете ме?Өзгере аласың ба?Өмірдегі ақ пен қара жолақты аттауға қадамыңның қашықтығы жетеді ме? Өткенге өкінбе,болашаққа сеніммен қара,бастысы қазіргі уақытта өзіңмен бол.Адамдардың айтқанына көз жұма жүріп,өзіңді таны.Айнаға қарап өзіңнің шынайы бейнеңді аш.Ұмытпа,сенің қоршаған ортадағы сынға түкіргенің бар.Өзгенің ойы өз ойыңмен параллель.Әрдайым.Жат пікір саған әсер етпесін,ботам.Көзіңді жұм да,терең демал.
2 года назад
- Басқа адамды өзгерту қиын, бірақ адам өзін өзгерту оңай екен, ойын, көз-қарасын, жалпы барлық жағынан. Бірақ біз мен сондаймын, солай жаратылғанмын деп өзімізді өзгерткіміз келмейді екен. - Бір істі қайта, қайта жасай берсең, сол істің маманы болады екенбіз. Тек біріншісінде болмады деп жайына қалдырып қоймауымыз керек. - Жұмыс деген өте көп, іздеген адамға жұмыс табу қиын емес, жәй біз өзіміз жалқау екенбіз. - Қанша қолыңда ақша көп болса, шығында сонша көп болады. Сол себептен қаржыны басқаруды үйрену маңызды екен. - Ойыңды өзгерт сонда өмірің өзгереді. Бәрі өз қолыңда, қандай өмір таңдайсың сондай өмір сүресің. Бұл жәй ғана менің ойым, менің көзқарасым, менің түсінігім.
2 года назад
Бір ғана сөздің өмірде алар орнын біз жиі байқай бермейміз. Аңдамай да, ойламайда қаламыз. Алайда: Бір ғана сөз пенденің тағдырын тас талқан қылып, таңдауынан тайдыруы мүмкін. Бір ғана сөз жүректерді қақ айырып, көңілдерге қаяу түсіруі мүмкін. Бір ғана сөз өмірдің шиеленісіне түсіріп, шытырманның шырмауына тастауы да мүмкін. Тіпті, бір ғана сөз көңілге жаңа дем беріп, жүректі жаздай жайнатуы мүмкін. Бір ғана сөз жүдеген жанға күш беріп, күйзелістің құрсауынан құтқаруы мүмкін. Ойланайық, ойға алайық.
2 года назад
Ешкім де идеал емес. Өзіңді өзгемен салыстырып өзіңді кем санама. Сен жеке тұлғасың. Сенің өз ерекшеліктерің мен қайталанбас қабілеттерің бар. Мен идеал емеспін деп өзіңді баса берме. Әр адамның бойында бір міні бар. Аяқтан шалынсаң өзіңнен есеп ал. Мен қай тұста қателік жібердім, және оны ретке келтіру үшін қайтсем болады? деп. Қайталап айтам. ӨЗГЕМЕН ЕМЕС ӨЗІҢМЕН ЖАРЫС. СЕНІҢ НАҒЫЗ ҚАРСЫЛАСЫҢ ОЛ - ӨЗІҢ. Өміріңді өзінмен өзгерт!
2 года назад