Абай және билік: 10 қызықты факті
Абай Құнанбаев – ұлы ақын, композитор, ағартушы және қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы, поэзиядағы жетістіктері туралы көп білеміз, бірақ Абайдың өз заманының көрнекті саясаткері және қоғам қайраткері болғанын екінің бірі біле бермейді. Төменде Абайдың ел ішіндегі басшылық қызметі мен билікке қатысы туралы 10 қызықты факті берілген. 1. Тектілердің тұяғы Абай Құнанбайұлы – Тобықты руының билер әулетінде дүниеге келген. Ойшылдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өз заманында Тобықты руының белді адамының бірі, уездің аға сұлтаны болған...