Найти в Дзене
Эта песня саундтрек из спектакля “Гаухартас”💔 А вы знаете грустную историю этой песни😭 Студент консерватории Узбеков Мэльс влюбился в студентку Алматинского мединститута по имени Айзада. Влюбленные сердца нашли друг друга и поклялись не расставаться. Во время разгара любви им пришлось расстаться. Наступили летние каникулы и молодые люди разъехались по своим аулам. Все лето они писали друг другу письма. Но в один момент девушка перестала отвечать Мэльсу. С начала учебного года парень словно птица прилетел в Алматы. Он искал возлюбленную. Первым делом он отправился на место учебы девушки. Но там сказали что она не приехала. Одна студентка узнала Мэльса и сказала что Айымзада утонула в реке. Мэльс долго не мог придти в себя. И так родилась песня “Келши Айым”.
2 года назад
Что алматинцы знают о нашей культуре и о театре? В этом видео✨ Лайкайте друзья)
2 года назад
🎭Егер театрға барып көрмесеңіз… Театр өнерін түсіну әркімге беріле бермейтін бақ. Сол себепті де театрға жиі баратын жандарды көбі ұқпайды. Алғаш барғандағы әсеріңіз ойдағыдай болып қалмасы үшін шынайы оқиғаға негізделген ата-ана мейірімі, отбасы тақырыбындағы “Болмаған балалық шақ” қойылымына барған жөн. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Авторы: А. Елгезек Режиссері: Ф. Молдағали Ұзақтығы: 2 сағат
2 года назад
🎭”ҚҰЙЫН” М.Әуезов атынбағы қазақ ұлттық драма театры Авторы: Ұжымдық жұмыс Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут/ 2 акт Тарих диірмені үңгісінде сұраусыз кетпес үшін әрекеттенген ел. Ел қамын жеп еңіреген ерлер. Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартып жатыр. Ғасырлар бойы өктемдік көрген ұлттың ұсақтану процесі. Кенет ескен еркіндік желі. Замана илеуінде шаң-тозаңға айналып, құйын болып ұшып кетпеу керек. Сол үшін жасалған қарекеттер "Құйын" спектаклінде көрініс табады. https://instagram.com/stories/dina_litpin/3214857187459354603?utm_source=ig_story_item_share&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭”Chanel N5” Астана қаласы музыкалвқ жас көрермендер театры Авторы: Т. Акихяни Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут Жас көрермендерге арналған музыкалық театрдың «CHANEL №5» деректі драмасының қойылымының негізгі идеясы - өмірінің ең қиын сәтінде, тіпті, күйеуіне адал болған әйелдердің бейнелері. Ғашықтарының идеясы үшін оларды «A.L.J.I.R.» итермеледі». ішкі рухты дақ түсірмеген, күшін жоғалтқан жоқ. https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=3210679005441370950&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭”Шәмші. Мюзикл” Астана қаласы музыкалвқ жас көрмендер театры Авторы: А. Маемиров Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут Спектакль барысында орындалатын Шәмші әндерінің әрқайсысы автордың бір-бір ойы, өмірінде орын алған әр-алуан оқиғасы. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятады. https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=3210486166266791166&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭”Гауһартас” Астана қаласы музыкалық жас көрермендер театры Авторы: Д. Исабеков Ұзақтығы: 2 сағат 45 минут Әнге ғашық жас келін асыл Салтанат өзінің иманды да биязы болмысымен жан дүниесін жайнатып қана қоймай, ізгілік нұрын шашып, Тастанның шаңырағына үлкен өзгерістер әкеледі. https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=3199005425989258701&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭”Тойы көп үй” Ғ. Мүсірепов атындағы б.жасөспірімдер театры Авторы: М.Ахманов Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут Спектакльдің ерекшелігі — көрерменді күлдіре отырып жылатуы. Тағдыры қарама-қайшы кейіпкерлерді өмірде тоғыстыру арқылы барымызды бағалауға баулитын туындының үлкенге де, кішіге де бергені көп болса, берері де мол. https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=3190979894442024241&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭”Пранк махаббат” Астана қаласы әкімдігінің жастар театры Авторы: Қ. Жүнісов Ұзақтығы: 2 сағат Махаббат - үлкен азап пен азап. Ұқсас сюжеттер болғанымен, ұқсас махаббат хикаялары жоқ. Біреудің жолы болып, сол адамды кездестіріп, ізін суытпай жан-жақты құмарлыққа бой алдырады. Ал егер сезімдер өзара болмаса, мұндай жағдайда не істеу керек? Ұмыту, кету, бас тарту немесе өмір сүру? Махаббат жалынына оранған ғашық екі құрдастың қайсысы сүйіктісінің жүрегін жаулай алады? Ғашықтар хикаясы қалай аяқталады? https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=3100440730534914963&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭”Қызыл орамалды Шынарым” Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер тетатры Авторы: Ш. Айтматов Ұзақтығы: 2 сағат / 2 акт Ойда-жоқта кездесуден басталған таныстық үлкен махаббатқа ұласады. Шың басындағы шынарға ұқсатқан, ақ жүрегінің құрбаны болуға даяр Әселінен Ілиясты алыстатқан нендей сиқыр, нендей құдірет? Қойылымда сезім мен намыс сынға түсіп, «бастарына бейуақ бақытсыздық орнаған» жандардың өмірі баяндалады. Өмірде бір ғана жасалған ағаттықтың бағасы қандай болмақ?
2 года назад
🎭”Шағала” Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Авторы: А. Чехов/ А. Тоқпанов Ұзақтығы: 2 сағат «Шағала» шығармасында өткен ғасырдың басындағы орыс қоғамының өмірі емес, бірақ сол өмірді сүріп жатқан адамдардың тағдыры, ішкі жан дүниесі, бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлықтарын қалыптастырған мәселелер, жарыққа деген ұмтылыстары маңызды. Уақыт, өмір сүру шарттары, техникалық прогрестің деңгейі өзгеріп отырады, дегенмен, адами қарым-қатынастар мәні өзгеріссіз қалады. https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=3051941597464769145&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад
🎭 “Ақ кеме” Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Авторы: Ш. Айтматов Ұзақтығы: 2 сағат Төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек жан мен жеті жасар баланың тіршілік етуі бізге ақ пен қараның, үміт пен үрейдің адам бойында мәңгілік айқасқа түсіп жататынын аңғартады. Баланың арманы ақиқатқа айналады ма әлде үміті үзіледі ме? Спектакль осы сауалға жауап іздейді. Күн шықса шексіз көкжиектерге дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана құшағына жарымай өскен баланың тағдыры мен көркем бейнесі көпшіліктің көңілінен айрықша орын алары анық. https://www.instagram.com/s/aGlnaGxpZ2h0OjE4MjgxNzE2MzMzMTI4Mjg4?story_media_id=2997567293126971140&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
2 года назад