Оқушыларға неше жастан, қайда, қандай және қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат?
14-16 жастағы жасөспірімдер аптасына 24 сағат жұмыс істей алады. 2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс тәжірибесін және дағдыларды талап етпейтін 1684 жұмыс орнына 354 бос лауазым жарияланған. Бұл жұмыс орындарына кәмелеттік жасқа толмаған 14-17 жастағы жасөспірімдер де орналаса алады...