Найти в Дзене
Арақтың зияны мен зардабы
Арақтың зияны мен зардабы Арақтың зардабы ауыр. Отбасының қаншасы осы арақтың кесірінен күйреп жатыр. Тек бөтелкенің ішінде ғана тыныш тұра алатын жынды су дүкен сөрелерінде самсап тұр. Кейде таң қаласың: адамзатқа пайда әкелетін қанша сусын бар, соның бәрі қарабайыр , қарапайым шөлмекте. Ал, арақ атаулының шөлмектерінің әдемілігіне, атауына қарап, неліктен осыншама құрмет арқалағанына таңданасың. Сол әдемі шөлмекте тұрған жынды су адамның жүрегіне, бауырына, бүйрегіне , басқа да ағзаларына қаншама зиянын тигізіп жатыр. Жүрек қан аурулары, жүрек талма аурулары, ишемиялық ауруларды айтпағанның өзінде өмірге әлі келмеген шақалақтың әртүрлі дертпен өмірге келуі жаныңды түршіктірмей қоймайды...
3 года назад
Қазіргі заманның дерті
Қазіргі заманның дерті Бүгінгі күні қоғам дертінің бірі темекі шегу. Дүкен сөрелеріндегі темекі қорабының сыртында инсульт ауруын туыдыратыны, өкпенің смалаға толып, кеуіп-семіп қалатыны , өмірге келетін баланың жетілмей өмірге келетіні, инфаркте әкелетіні туралы ақпараттар беріліп, қорқынышты суреттердің қойылғанына қарамастан темекіні құштарлана соратындардың қатары азаймай тұр. Осы өткір мәселенің шешімін бірлесіп іздегеніміз жөн-ақ. Темекінің осы дәстүрлі түрі аздай , электронды түрі сатылымға қосылды. Ол мектеп оқушыларына да жетіпті деген ақпаратты да ести бастадық. Бірінің аузынан бірі жұлып алып, құштарлана сорып жатқан ұл-қыздарды әлеуметтік желілерден көріп те жүрміз...
3 года назад
Сау халықтан сау ұрпақ
Сау халықтан сау ұрпақ Дені сау адамнан дені сау ұлт қалыптасады. Сол себепті елімізде ұлт денсаулығына ерекше басымдық берілетін қолдаулар мен бағдарламалар өте көп. Деніміз сау болу – мемлекеттің ғана еншісінде ме, өз қолымыздан не келеді?         «Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді халық даналығы. Жұғымды, сапалы тамақтану , салауатты өмір салтын ұстанып, таңертеңгілік жаттығу жасау, таза ауада, күн астында көбірек болу -  ауырмайтын жолдың ең маңызды сүрлеулері. Қазіргі таңда адамдар стреске бейім өмір сүріп жатқаны да аян. Бұл фактор да өз кезегінде бірнеше дерттің ауыздығын ашары сөзсіз...
3 года назад
Қызыл кітапқа енген аң - құстары біз қорғай аламыз ба?
Қызыл кітапқа енген аң - құстары біз қорғай аламыз ба? Ақпараттар ағыны мен ғаламтор тасқыны жайлаған қоғамда өмір сүру – біз , адамзат баласы , үшін көптеген ғаламдық мәселелермен теке тірес өмір сүруге әкелді. Соңғы кезде адамдар мейірімділік туралы көп айта бастады, әйтсе де мейірімі азайды. Адамдар осыдан 50 жыл бұрынғы тіршілігінен әлдеқайда озық, қолайлы өмір сүруде, әйтсе де ашкөздігі толастамады. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер зардап шегуде. Осы жайттар менің жас жанымды жаралайды. «Қызыл кітапқа» енген аң-құстарды, өсімдіктерді қалай қорғауға болатыны туралы терең ойлануға жетелейді...
3 года назад
Дені сау ұлт - дені сау мемлекет
Дені сау ұлт - дені сау мемлекет  Еліміз әр азаматының денсаулығы зор болуы үшін арнайы шараларды барынша қамтыған. Ғылым мен медицина құлашын кең жайған қазіргі уақытта ұлтымыздың денсаулық мәселесі қай дәрежеде екен деген сұрақ жас жанымды жиі мазалайды. Расымен, деніміз сау болу үшін дәрі-дәрмекке ғана жүгінуіміз керек пе?         «Ауру - астан» дейді халық даналығы.Құнарлы, сапалы, балғын тағамды пйдалану адам баласы жаратылғалы бері келе жатқан ең дұрыс жол. Бір өкініштісі қазіргі кезде  тамақтануымызға гендік модификацияланған тағамдар, тез дайындалатын тағамдар, қанты өте көп мөлшердегі тағамдар енуі денсаулығымызға айтарлықтай қауіп төндіруде...
3 года назад
Бала денсаулығы ел денсаулығы
Бала денсаулығы ел денсаулығы Биыл балалар жылы болғандықтан аз ғана уақыттағы демалысымда шалқыған Алакөлге барып, лагерьде жұмыс жасадым. Жаңа Қазақстанның болашағы кемел болу үшін баланың денсаулығы маңызды екенін шынайы сезіндім. Өңдері бал-бұл жанған әр бүлдіршін, әр сәби – ертеңгі маман. Көк туымызды желбірететін де, ұлан байтақ жерге иелік ететін де солар. Олай болса, олардың денсаулығы еліміз үшін өте маңызды салалардың бірі екенін мойындап, менің жүрегіме балалар дәрігері болу жақын екенін түсіндім. Ана жатырына түскен сәттен бастап, оның өсіп дамуы, өмірге аман-есен келуі, шарана, шақалақ...
3 года назад
Телефон заманы
Телефон заманы Қазіргі кезде өміріміздің айнымас досының бірі – ұялы телефон болып кетті. Іңгәләған сәбиден, еңкейген қартқа дейін әуес. Бір қарағанда пайдасы шаш етектен. Керегің табылады. Заман ағымына қолайлы. Ақшаң да, құжатың да ішінде. Алайда пайдасы қандай орасан болса, зияны да сондай болып жатқанында шаруамыз жоқ.  Ғалымдардың зерттеуінше  6 жасқа дейінгі балаларға смартфондарды мүлде ұстатуға болмайды. Себебі оның дүниетанымы, әлемді нақты өз қалпында қабылдауы виртуалды өмірмен шатасып кетеді. Саусақтарының моторикасы даму үстінде. Сол саусақ арқылы сәби денесіне тарайтын радиацияны ойлаудың өзі қорқынышты...
3 года назад