Найти тему
Статьи
Доллардың ресми бағамы айтылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.Күндізгі сауда қортындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,20 теңгеге төмендеп, 478,78 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 28 ​​шілдедегі ресми бағамы - 480,16 теңге...
2 года назад
ҰБТ-да жоғары балл алған атыраулық түлек Оңтүстік Кореяға оқуға түсті Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1980709-ubt-da-zogary-ba
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Атырау қаласындағы "Білім-Инновация" лицей-интернатының түлегі Ризабек Алпамыс ҰБТ-дан 132 балл жинаған. Ол Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Technology (UNIST) университетіне оқуға түсті, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook парақшасында. ӨКҚ хабарлауынша, атыраулық түлек сонымен қатар Оңтүстік Кореяның екі алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу және технология университеті мен Гонконгтағы ғылым және технологиялар университетінен шақырту алған. Ризабек Алпамыс 2021 жылы Еуропалық физика олимпиадасынан күміс медаль, биыл Азия олимпиадасынан қола медальді қанжығасына байлаған...
2 года назад
"Сауықтыруға жәрдемақы": Сауда және интеграция бірінші вице-министріне екі айлық көлемінде демалыс ақысы төленді
ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Ерлан Баттақовқа екі айлық көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КазТаг порталына сілтеме жасап. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Еркінұлы Баттақовқа 2022 жылғы 18 шілдеден 29 шілдеге дейін 12 күнтізбелік...
2 года назад
Тамыз айында елімізде пәтер жалдау құны 15%-ға өседі – Сарапшылар
Сарапшылар тамызда елдегі пәтер жалдау құнының өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда кейін қайта арзандауы мүмкін. Мамандар мұны студенттердің демалыстан оралуымен байланыстырды. Себебі жатақханалардағы орын барлығына жетпейтіні сөзсіз. Ал мегаполистерде баға бірден өсіп кетуі мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Сарапшылардың сөзінше, тұрғын үйді жалдау құны экономикадағы жағдаймен тікелей байланысты. Бағаға азық-түлік, текстиль, қызмет құны мен коммуналдық қызмет құны да әсер етеді...
2 года назад
Қазақстандықтар жиі қоныс аударатын топ-5 мемлекет аталды
2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мың адам көшіп келген. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есеге көп екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап. "Жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мыңнан астам адам көшіп келген. Бұл былтырғы кезеңнен екі есе көп. Дегенмен 3 айда 5,3 мың адам көшіп кеткен. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Қазақстаннан көшіп кетушілер саны кейінгі екі жыл қатарынан азайып келеді", – делінген материалда. Өңірлер арасында Қарағанды облысынан ең көп адам шетелге көшкен – 681 тұрғын...
2 года назад