Найти в Дзене
Мақсатың грант болса,біліммен жетесің. Ұбт-мемлекеттен берілетін 11 жыл білім алған оқушыларға арналған сынақ.Дәл осы сынақ әсерінен болашақ студенттер әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді.Ата-анасы,ұстаздары,туыстары,достарының айтатын кеңестері бар,соның салдарынан жүрек түбіндегі қалауы тұншығуы мүмкін. Менің ойымша,мейлі сен жас бол,мейлі орта буын бол,әркімнің өз таңдауы бар.Сол таңдауыңа адал бол.Мүмкін сенің таңдаған мамандығыңда грант аз бөлінді,ақылы оқуға қаражатың жеткіліксіз,бірақ сен соны қатты қалайсың не істеуге болады,әрине тек біліммен.Бәрі өзіңе байланысты кино көріп,әлеуметтік желілерде сағаттап отырудың орнына ізденіп кітаптарыңды қайталасаң,әрине грант ұтасың.Орыстар айтады ғой ,,не подай духом"деп,Мән берме ел айтса айта берсін.Тіпті Абай атамыз да ,,өзіңе сен өзіңді алып шығар,ақылыңмен қайратың екі жақтап"деп бекер айтты ма.Жалқаулығыңды жең. Қай жағынан мықтысың,сол мамандықтан басқа неге қызығасың өзіңді зертте.Ұялма қазір ұялатын заман емес.мен саған сенемін. Я кейде жақсы оқу орындарында да әділетсіздіктер орын алады,мұңайма сен әлі сондай жағдайлардың талайымен кездесесің.Тіпті біліп тұрған жандардың өзі сасқалақтап ойындағысын жаза алмай немесе айта алмай қалады.Сол себептенде психологиялық жақтан да мықты бол.
4 года назад
Мақсатың айқын болса да,арманға жету үшін ақша маңызды ма Менің ойымша 21 ғасырмен салыстырғанда,бірдеңеге қол жеткізу үшін ақшаның алатын орны ерекше.Бірақ ақшаң болмаса қолыңнан ештеңе келмейді деген сөз емес.Өйткені қолыңда миллионың тұрып,оны ессіз жұмсай беру бәрібір кедейлікке әкеп соғады. Ең бастысы өзіңе сен,еңбектен,мүмкін саған бағыт бағдар беретін ешкім жоқ, оған қарамастан өз-өзіңе демеу бол.Сенің өмірің сен үшін ғана құнды.Берілме өзің үшін.Өмірдің қатал тұсын ғана ойлай бермей,өміріңнің әр минутынан бақыт ізде.Сен өзіңе,ешкімнен кем емессің. Келісем әрине,қазіргі таңда көптеген мәселелер ақша беріп немесе ақша алып шешіледі.Дегенмен түптің түбінде әділдік орнайды.
4 года назад