Askar Bekov
Туған күніне сыйлық алған Тараз қаласы әкімінің орынбасары жазаға тартылуы мүмкін
Мемлекеттік қызметші мінсіз болуы керек. Алайда кейбір мемқызметкерлердің келеңсіз тірліктері ойға қалдырып жатады. Мәселен, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың туған күніне сыйлық алып жатқан видеосы қазір әлеуметтік желіде қызу талқылануда...
Балаларды улаған балабақша тәрбиешісі өлім жазасына кесілді
Сот әйелдің қылмыстық әрекеттерін қатыгездікке балап, оны өлім жазасына кесті. Қытайда Хэнань провинциясы Цзяоцзо қаласында орта деңгейдегі халық соты балабақша тәрбиешісін балаларды улағаны үшін өлім жазасына кесті, – деп хабарлады РИА Новости. Айыпталушы Ван Юнь «Мэнмэн» балабақшасында жұмыс істеген. Тәрбиеші Сунь есімді басқа топтағы әйелмен өштесіп, оның тобындағы балалардың ботқасына өткен жылдың 27 наурызында натрий нитритін қосып жіберген...
Мектепке барып оқыған оқушылар коронавирусқа шалдығып жатыр
Мектепте оқып жүрген оқушылардан коронавирус анықталды. Павлодар облысында 9 мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі Irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Дереккөздің жазуынша, Шарбақты ауданы Алексеев орта мектебінде әуел баста бір оқушыдан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болғандан санатында екені белгілі болған. Аймақтың санитар дәрігері оқушымен 44 адам байланыста болғанын растап отыр. Тағы 3 оқушыдан коронавирус анықталған...
