Құс тұмауына байланысты елді мекендер карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты 7 ауданның 10 елді мекені карантинге жабылды. Облыста құс тұмауының таралуына байланысты тиісті ведомство басшылары мен өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Зертхана қорытындысына сәйкес, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында облыстағы Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданының 10 елді мекені карантинге жабылады. СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов: «Карантин талабына сай бұл елді мекендерге кіріп-шығу шектеледі...