Қалалықтар. Дәрігер Айдана мен COVID-19
Айдана Аязбек - Нұр-Сұлтан қаласы №11 қалалық емханасының екінші санатты жалпы тәжірибелік дәрігері, мобильді бригада мүшесі. Ол elorda.info тілшісіне пандемия кезіндегі жұмысы жайлы айтып, халық жиі қоятын сауалдарға да жауап берді. Жұмыс өте ауыр Біздің провизорлық бөлімде үш дәрігер жұмыс істейді, біреуі - өзім. Екі маман емханада пациенттерді қабылдаса, біреуі мобильді бригада құрамында шақыру бойынша қызмет көрсетеді. Үшеуміз солай алмасып істейміз. Мобильді бригада құрамында науқастарды үйіне барып қарап, дәрілерін белгілейміз...