Найти в Дзене
434-ші Қара пайым-сөз: Үкіметтің «былдырлағын» түсіну оңай емес, сөйтсе де бір мысалмен түсіндіріп көрейін...
Өздеріңіз де байқап жүрген, бірақ түсінбей жүрген бір мәселе туралы айтқалы отырмын. Мысалы, ауыз екі тілдегі «анау Мырқымбайдың мафиясының Тырқымбайды алдап кеткені мәлім болып, енді Тырқымбай не істерін білмей сасқалақтап отыр» деген сөзді екінің бірі түсінеді. Ал халықаралық тілде қатаң этикет*, одан...
4 года назад
433-ші Қара пайым-сөз: Алла Тағала қаламасын, егер қаласа, қазақ үшін бәрі де апыр-топыр болары сөзсіз!..
Осы қазір ғана кеше қызметінің ең соңғы күнін өткізген АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео әлемде тұңғыш болып Қытайды «Ұйғыр ұлты мен мен басқа шағын ұлыстарға (қазақ, қырғыз және т.б.) геноцид жасап жатыр» деп айыптады. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден де Қытайды «шағын ұлттар мен ұлыстарға геноцид жасап жатыр» деп айыптаған болатын...
4 года назад
432-ші Қара пайым-сөз: Вакцина үшін «аламан көкпар» тартыста бай елдер жеңіп, кедей елдер жеңілуде...
Дүниежүзіндегі ең жұмбақ халық орыстар емес – қазақтар екендігінде дау жоқ. Бір қазақтың миы мен көңілінде не бар екенін тек екінші қазақ қана түсінеді (кейде ешкім де түсінбейді). Тойға-қонаққа шақырса қазақ «бармаса ұят болады» деп тәжі-індетке пысқырмай темпеңдеп жортып жетіп барады. Дәл қазір біздің...
4 года назад
431-ші Қара пайым-сөз: Тіршілікті түсіну қиын, онда ешбір логика да, алгоритм де жоқ, бірақ бір амал бар...
Тіршіліктің өлшемін қасиетті Құран Кәрімде – күндізгі уақыт және түнгі уақыт деп екіге бөледі. Үшінші өлшем көрсетілмеген. Көп күннің ішінде сіздің өміріңізде ешбір елең еткізетін оқиғалар болмауы да мүмкін. Бірақ әйтеуір бір күні Алла басқа салмасын, үйіңіздің есігінен шыға бере не жерге тайып жығыласыз не болмаса масаң көршіңізбен ерегісіп, артынан төбелесіп қаласыз...
4 года назад
430-шы Қара пайым-сөз: Қалекең тағы да «қуып кетті» демеңіздер, бірақ бір білген нәрсемді айтайын...
Әрбір 10-15 минут сайын әлем жаңалықтарын толассыз жариялап отыратын «Euronews» деген телеарна бар. Байқап қарасаңыз «Euronews» деген сөз «Euro + North – солтүстік + East – шығыс + West – Батыс + South – оңтүстік» дегенді білдіреді. Төрт құбыланы түгел жаулап алдық, болдық-толдық, күллі әлемнің иесі...
4 года назад
Если нравится — подпишитесь
Так вы не пропустите новые публикации этого канала