Орыс тілі туралы
Қазақтардың орыс тілін білмейтіндері саусақпен санарлық. Ал, олардың ішінде ана тілін жартысынан көбі білмейді және білгісі келмейді. Себебі, қазақ тілі ресми қолданыстан «шығып қалған». Яғни, қазақ тіліне сұраныс жоқ! Демек, орыс тілі қазақ халқының өзін екіге бөліп отыр. Олар - қазақтың тілін, әдебиетін, мәдениетін сақтап келе жатқан нағыз қазақтар және орыс тілді «қазақтар». Ең қорқыныштысы, қазіргі үкімет басындағы орыс тілді «қазақтар» көрші елдің тілін ғана емес, мәдениетін де бойына сіңіргендіктен, мемлекеттік тілдің, мемлекет құраушы қазақ халықтың болашағы үшін олардың басы ауырмайды...