Еңбек министрі 42 500 теңгені кімдер қайтаратынын мәлімдеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды жауапкершілікке тартуға құзыретті емес, деп атап өтті ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі парақшасында 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны заңсыз алғандарды жауапкершілікке тартуға қатысты азаматтардың сынына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ол еңбек министрлігінің ешкімді жауапқа тартуға құзыреті жоқ екенін хабарлап, мемлекеттен кімге көмек алуға болатынын, кімге болмайтынын тағы бір рет түсіндірді...