4 года назад
Base Arna
1
подписчик
Бәсе арна – IT-технологиялар мен әлемдегі жаңашылдықтарды заманауи, ерекше сарында ұсынамыз! Тақырып - бізден, пікір – сізден!
Павлодарлық оқушы қолданба ойлап тауып 1 300 000 теңге табыс көрді
Бекболат Азамат әлемдік танымалдылыққа ие брендтің байқауына қатысты. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен Сoca-Cola сүйер қауымды байланыстыратын желі құрды.
Жас құрастырушы қолданушылардың жақын маңайда Кола сатып алған жандарды белгілейтін әлеужелі жасап шығаруға мақсат қойған...
Huawei Қазақстанда Ү сериясының бірден үш смартфонын сатылымға шығарғандарын хабарлады
Жаңа гаджеттер флагманнан еш кем емес, тіпті артықшылығы да бар, мысалы қолжетімді бағасы.
Huawei Y8p мен Y6p 5 шілдеге дейін алып үлгерген клиенттердің барлығына Huawei Band 4e фитнес-браслет сыйлыққа беріледі...
Apple пандемияның жаңа толқынына байланысты АҚШ-тағы дүкендерін жабады.
Apple пандемияның жаңа толқынына байланысты АҚШ-тағы дүкендерін жабады. Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Аризона, Флоридада 11 дүкен жұмысы тоқтатылмақ, осылайша компания вирустың таралуының алдын алып, қызметкерлерін қауіптен сақтамақ...
Қазақстанда мобильді интернетке деген сұраныс артуда: ұялы байланыс қолданушыларының саны 14,5 млн жетті.
Қазақстанда мобильді интернетке деген сұраныс артуда: ұялы байланыс қолданушыларының саны 14,5 млн жетті. Алайда, бұған қарамастан, біз өзге мемлекеттермен салыстырғанда төменгі деңгейдеміз.
2020 жылдың мамыр айындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан 138 ел ішінен 96-шы орынға жайғасқан...
KZ-CERT
KZ-CERT қызметі кезекті рет алаяқтық хабарламаларды тоқтатты. Бұл жолы қаскөйлер өздерін Денсаулық сақтау Министрлігі етіп көрсеткен! Не сұмдық дегеннен басқа айтарың табылмас. Олар Birtanov.e@dsm.gov.kz почтасы арқылы «кововид-19 қорғаныс құралдарын тегін тарату (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі)» тақырыбындағы хаттарды жіберген екен...
Beeline Алматыда жолақы төлеуге 50% жеңілдік сыйлайды
Цифрлы қаржы сервистері саласының көшбасшысы Beeline Қазақстан компаниясы жазғы акция туралы қуана хабарлайды, акция аясында Алматы тұрғындары Мен қонақтары Қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүре алады...
enbek.kz
Егер жұмыс беруші Сізді жұмыстан шығаруға ниетті болса, заң бойынша мемлекеттік органдарға босатылған вакансия жайлы хабар беруі тиіс. Енді бұны enbek.kz арқылы онлайн түрде іске асыруға болады. Бұған дейін жұмыс беруші арнайы қағаз анықтамаларды толтырып, оларды жұмыспен қамту орталықтарына апаратын еді...
Алматыда пилоттық режимде жолақысын банк карталарымен төлеу енгізілді
"Мадина" жекеменшік тасымал компаниясында пайда болды. Жолақысын төлеу үшін SMSBus терминалына картаңызды немесе карта жалғанған ұялы телефоныңызды жақындату қажет.
Жаңа төлем түрі №128 бағыт бойынша жүретін көлікте қолжетімді...
Сәлем, инстаәлем!
Марк Цукерберг бразильдік WhatsApp қолданушылары үшін қолжетімді функциялар жайлы айтып берді. Олар енді сатып алған заттары үшін мессенджер арқылы төлем жасай алады - ақшаны жіберу мен қабылдау Facebook Pay арқылы жүзеге асады...
Astana Hub қатысушысы 100 000$ инвестиция тартты
Қазақстандық Kid Security геотрекинг қызметінің құрастырушысы 100 мың доллар инвестиция тартты. Бұл жеке инвестор Талғат Исмаилдың seed раунды. Айта кеткен жөн, ол қазақстандық Smart Satu, ChocoFamily және өзге де бірқатар жобалардың венчурлық инвесторларының бірі.
Kid Security жобасы - ата-аналардың балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдамауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша...
ВКонтакте жаңа қосымша енгізді
Енді аудиохабарламаны мәтінге айналдыруға болады! Бұрыннан сөйтсе қайтеді, иә?!
ВК әкімшілігі қосымша тіпті слэнгті де ажырата алатынын жеткізді. Бірақ, қазақ тілін түсінбейді екен... өкінішті!