Баланың бәрі кәсіпкер
Бала кезімізде бәріміз кәсіпкер ретінде затымызбен алмасып, шемішке сатқан шығармыз ия? Менің кәсіпкерлік жолым 3 сыныптан басталған🧐. Бастауыш сыныптағы жетекшіміз ауылда көрші тұрады. Құймақ пісіретін еді. Дәмінен аузыңның суы ағатын еді, шіркін! Сол құймақты алып сыныптастарыма сататынмын. Сосын әкем марқұм шемішке егетін. Күзде оны жинаған соң көктемге дейін қара табаға сол шемішкені қуырып апарып сататынмын. Директор ұрыспағанда баяғыда миллиардер болатын едім😂...