Жұлдызды шайқастар. Іх эпизод. Скайуокер. Кім үшін түсірілген? Сыншылар үшін Бе, әлде фанаттар үшін Бе?
Жұлдызды шайқастар... Диснейдің 2019 жылғы 1 млрд доллар кассалық ақша жинаған 7-киносы. Қолына лазерлік семсер алып, түрлі-түсті бластерді елестетіп, бір-бірімізбен атысып, қарап өскен кинофраншизаның кезекті трилогиясының соңғы бөлімі. Әлем бойынша көптеген фанаттардың сынына ұшыраған 8-эпизодтан кейін Дисней тағы да режиссер ауыстырып, финалдық бөлімді ерекше аяқтағысы келді ме деп ойлаған едім. Бірақ, ойым екіге бөлінді. Бір киносы сыншылардың көңілінен шықпаса, бір киносы фанаттардың көңілінен шықпайды...