Найти в Дзене
Әйелдер НЕГЕ еркектерден ұзақ өмір сүреді?
Осы сұрақ төтеннен қойылғанда ең алдымен ойыңызға қандай жауап келетінін шамалап біліп отырмыз. «Өйткені әйелдердің күнде миын жеп отыратын әйелі жоқ» деп қыжыртуыңыз мүмкін. «Әйелдің қырық жаны бар» дерсіз, бәлкім. Себеп бұл ғана емес екен. Мәселе мына біз – еркектер ойлағаннан да терең һәм күрделі көрінеді... Тарихтан белгілі Адам ата мен Хауа ана жаратылғалы бері әйелдер еркектерге қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Бұл ерекшелік адамдарға ғана емес, жануарларға да тән. Жаңа Оңтүстік Уэльс (Аустралия)...
5 лет назад
«Үшінші дүниежүзілік соғыс» жүріп жатыр
Мұнай өндіру көлемін қысқартудан бас тартқан соң, Сауд Арабиясы терісіне сыймай, кәріне мінді. Ресейді нысанаға алып, жазалауға кірісті. Саудиялықтар әлемнің түкпір-түкпіріне мұнайын арзан бағамен жеткізіп беріп, шикізат өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельден 12 миллион барельге дейін өсіретінін мәлімдеді. Онсыз да коронавирус сұранысқа соққы боп тиіп отырғанда, бұл – Ресейге ашық соғыс жариялаумен пара-пар іс. Кремль болса, «бізбен санас» деп талап қойып, Батысқа қыр көрсетіп келеді. «АҚШ-тың...
5 лет назад
«Генай» мен оның бандасы қалай ұсталды?
Бұл жолғы әңгімем қылмыс әлемінде «Генай» деген лақап атпен танылған Еркін Сағитов пен оның бандасы туралы болмақ. Бір кездері бұл жігіт Қарағанды облысының бапкерлері болашағынан зор үміт күткен спортшы болды. Тіпті Геннадий Головкин мен Серік Сәпиев сынды даңқты жерлестерінің ізімен атағы жер жарған боксшы болар ма еді. Бірақ жаман жолға түскен жігіт қарақшылықты таңдап, кәдімгі қылмыскерге айналды. Дегенмен қарағандылық қылмыскерлер мен аула бұзақыларының арасында оның есімі әлі күнге танымал...
5 лет назад
Кешірім құны һәм тәуба таразысы
Байқасаңыздар, қазір бізде кешірім сұраушылар көбейді. Күні кеше денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған кемеде болғандармен бірге Токиодан ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады. Онда да келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініпті. Яғни шенеуніктер біреудің денсаулығына, қала берді қу жанына төнген қауіп-қатерді әншейін қолайсыздық сияқты бағалаған.  Оның алдында әнші Айқын Төлепберген, ағайынды актерлер Асылхан мен Артур Төлеповтер әу бастан елдің ақшасын жымқыруды көздеген қуаяқтың жымысқы әрекетін жарнамалағандары үшін кешірім сұрады...
5 лет назад
Тегін пәтер керек пе?
Мемлекеттен тегін пәтер алудың бірнеше құпия жолы бар. Жалпы, ақша жинамай-ақ баспаналы болу үшін не істеу керек? Nege.kz жұрт біле бермейтін әдістерді бір жерге жинақтап, сізге ұсынуды жөн көрді. Мақаланы аяғына дейін оқысаңыз, үйлі болып қалуыңыз мүмкін.   Бір нәрсені айқындап алған жөн. Тегін пәтерді үздіксіз беріп отыру елімізде тек 2015 жылға дейін жүргізіліп келді. Одан кейін мүлдем тоқтады десе де болады. 2017 жылы ол кезде мемлекет басқарып тұрған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Енді тегін пәтер бермейміз" деп, отандастардың үмітін үзгендей болған. "Үйде отырып алып, баспананы біреу тәрелкеге салып әкеліп береді деп күтудің қажеті жоқ...
5 лет назад
Если нравится — подпишитесь
Так вы не пропустите новые публикации этого канала