Қазақстандық вундеркинд жайлы Гарвард деканы хат жариялады
Ақназар Қажымұрат тұрған Kirkland House жексенбі күні кешке марқұмды еске алу кешін өткізді. Жиын барысында Ақназардың достары мен ол оқыған университет студенттерінің естелігін америкалық Задок И.Н. Джи есімді журналист жазды, деп хабарлайды ZTB.kz порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап. Гарвард университетінің газетінде Ақназардың қазасы жайлы мақаланы «Aknazar ‘Adam’ Kazhymurat ’23 Found Dead While Home in Kazakhstan» деп атаған. Курстастары марқұмды «Адам» деп таныса керек. Университет деканы Ракеш...