Электронды кітаптарды немен оқимын?
Қайырлы күн, құрметті тіркелмен! Көптеген чаттарда "кітаптар ашылмайды" , "қандай программамен оқуға болады?" - деген сауалдар жиі қойылады. Android қолданушысы ретінде мен сіздерге өзім қолданатын электронды форматтарды ашып, оқуға мүмкіндік беретін екі бағдарлама туралы айтқым келеді. eBookDroid Үйлесімді дизайн сізге кітап сөрелерін еске түсіреді. Әу баста DjVU, PDF форматтарын оқуға арналған бұл бағдарлама, қазіргі уақытта FictionBook (fb2 и fb2.zip), EPUB, RTF, MOBI, AWZ3 форматтарын да оқиды...