Статьи
146 прочтений · 5 лет назад
Алматыда 6 тілге аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының таныстырылымы өтіп жатыр
Алматыда «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында БҰҰ-ның 6 ресми тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясының алғашқы нұсқалары таныстырылды. Поэзия және проза жинақтарының таныстырылымына осы жобаға қатысқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Қытай және Египет аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының басшылары, шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлар қатысып жатыр. Жиын барысында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің...
335 прочтений · 5 лет назад
Патрульдік полицей Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атты
Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстың Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Панфилов ауданының Полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы (полиция майоры), Жергілікті полиция қызметінің бастығы...
76 прочтений · 5 лет назад
Азия чемпионаты. Қос команда да жаппай көкпардың мықтысы (ФОТО)
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Азия чемпионатында А тобының ақырғы ойыны Ауғанстан мен Өзбекстан арасында өтті. Ежелден етене қарсыластар бұған дейін жаппай көкпарда ғана бақтарын сынап келген деуге болады. Командалық ойында екі ел спортшылары «Байсерке» атшабарын аламанға айналдырды. Бір біріне нағыз сай, бірін бірі тақым қағысынан танитын қос команда бір-біріне есе жібермеудің барлық әдіс-тәсілін пайдаланып бақты.  Жаппай көкпардың додасында дараланып тұрған екі команда 20 минутқа созылған бірінші таймда есепті 1:1-мен ұстап тұрды...
91 прочтение · 5 лет назад
Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3% пара бергенін жасырмады
Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева айтты. «Жастар үшін сапалы және қызықты іс-шараларды өткізу өте маңызды. Және, ең алдымен студенттердің мұндай іс-шараларды қаншалықты қабылдайтынын және олар үшін қаншалықты оң нәтиже беретінін түсіну қажет. Осыған байланысты осы айда елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық...
212 прочтений · 5 лет назад
«Алматы-Бейжің» бағытында қомақты ақшамен ұшпақ болған адам ұсталды
Алматы әуежайында 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды. «Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайдан «Алматы – Бейжің» бағытымен ұшқалы тұрған HU–7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады...
281 прочтение · 5 лет назад
Президенттің ауысуы, Астана атауының өзгеруі - Сапарбаев пікірі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астана атауының Нұрсұлтан деп өзгеруіне қатысты ойын айтты. "Шешім қабылданды. Мен дұрыс деп ойлаймын. Еңбегі бар. Астананы астана жасаған, дүниежүзіне танытқан - Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздер білесіздер, Астанада өмірі болмаған саммиттер, өмірі кездеспейтін мемлекеттің басшылары кездеседі, бір-бірімен татуласады. Ең негізгісі, осы Астана арқылы Қазақстан, оның ішінде қазақ халқы бүкіл дүниежүзіне мәлім болды...
170 прочтений · 5 лет назад
5 банк ай сайынғы комиссия алуды тоқтатты
Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық банкі заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуге бастама жасайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады. Соңғы уақытта банктердің жеке тұлғаларға қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты ай сайынғы комиссияларды өндіріп алуы банктер, халық, реттеуші және соттар тарапынан көптеген дау туғызып, талқыланып жүрген мәселелердің бірі.  Өз міндеттерін іске асыру, оның ішінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың...
151 прочтение · 5 лет назад
Шәмшидинова 1 маусымнан бастап қай санаттағы мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін айтты
Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру жолында 1 маусымнан бастап мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Негізінен еңбек өтілін енді бастап жатқан жас мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілерінің жалақысы өседі. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болады», - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі...
57 прочтений · 5 лет назад
9 маусымда GGG төленетін гонорар көлемі белгілі болды
Фото: Дереккөз Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 ко) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, деп хабарлады Vesti.Kz...
62 прочтения · 5 лет назад
Қарағандылық дәрігерлер 101 жастағы науқасқа бірегей ота жасады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруxананың xирургтері 101 жастағы әжейдің жамбас буынын ауыстырды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты, жақын күндері оңалту орталығына ауыстырылатын болады. «Біз емделушінің оң жақ жамбас буынына эндопротездеу жасадық. Ота барысында емделушіге екі өсінділі эндопротез, яғни пластик пен металл орнатылды. Отаның күрделілігі – емделушінің жасымен байланысты, себебі ота жасалған уақытта оның жасы 101-де болды. Жалпы алғанда ота жоспарлы түрде өтті деп айтуға болады, қандай да бір асқыну болған жоқ...
17 прочтений · 5 лет назад
Елімізге сапасыз вакциналар әкелінбейді – маман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өзінің  Сынақ орталығы мен зертханасына пресс-тур өткізіп, зертханаларда вакциналардың қауіпсіздік талаптарына сай тексерілу жұмыстарымен таныстырды. Сынақ орталығының бас директоры міндетін атқарушы Арнұр Нұртаевтың айтуынша, қоғамда қазір вакцинаның сапасына, қауіпсіздігіне қатысты сенімсіздік туындауда.  “Қазір елімізде вакцинаның сапасы нашар, балаларды өлтіріп жатыр деген сыңайда алыпқашпа әңгіме тарауда. Дегенмен, алаңдауға еш негіз жоқ...
52 прочтения · 5 лет назад
Байқоңыр қаласын Ресейге жалға беру мерзімі аяқталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы зымыран ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру мәселесін көтерді. «Қызылорда өңірінен сайланған Парламент мүшесі ретінде жылына екі рет Байқоңыр қаласымен бірге Төретам, Ақай елді мекендерін аралап, халықпен, кәсіпкерлермен кездесеміз. Байқоңыр қаласында 70 мың халық тұрады. Оның 70%-ға жуығы – Қазақстан азаматы. 1995 жылдан осы кезге дейін Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты 18 ратификация мен құқықтық акті қабылданған екен...