Дәрет дегеніміз не?
Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл - белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Дәреттің парыздары Құранда дәретке байланысты: <<Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобығыңа дейін жуыңдар>> - делінген. 1. Жүзді жуу: бұл жерде беттің бір рет жуылуы парыз...