Найти в Дзене
Чемпионский путь Бибисары Асаубевой
Вчера весь вечер сидел у экрана телефона - смотрел трансляцию на ютубе, параллельно открыл позицию на досках и несколько вкладок с результатами и прямыми эфирами - Chess.com и FIDE - International Chess Federation не позаботились об отдельных трансляциях женской и открытой части. В этом, отчасти, есть и вина наша - казахстанская, комментаторы несколько раз ссылались на перенос чемпионата и организаторы не успели наладить техническую часть. Чемпионат мира по рапиду и блицу должен был пройти в Астане с 25 по 31 декабря...
4 года назад
Есімнің дұрыстығына сенімдімін...
Казмедиада тұрмыз. Әбікей досым алыстан аруды көріп қалады. “Сұлу екен,” - дейді қарата. Көзім көрген жоқ, ойланбастан жақындап, сөйлесіп кеттім. Казмедиадағылардың ортақ тақырыбы қашанда табылады ғой...
5 лет назад
Хабиб Нұрмағамбетовтың соңғы сөзі
Хабиб Нұрмағамбетов спорттық мансабын тоқтатты. Ол туралы Джастин Гэйджимен болған төбелестен соң жариялады. Сіздерге Хабибтің соңғы сөзін ұсынамыз: Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Бұл жерге әкемсіз шыққым келмейді...
5 лет назад
Күн сайын қырынуға итермелеген кітап
Виктор Франклдың «Скажи жизни «Да» кітабы туралы алғаш Фархадтан естідім. 2 жыл 7 ай Аушвиц пен Дахау лагерлерінде жатқанда жасырын жазған дүниесі. Еңбегін лақап атпен шығармақ болған, әріптес-достары айтқан соң өз атымен шығарды. Кітап 10 миллионға жуық тиражбен әлемнің 24-тен астам тіліне аударылып, таратылған екен. Сұмдық кітап, қысқасы. Сұмдақ деймін. Негізі кішкентай балаларға, жүкті әйелдер мен буыны қатаймаған жастарға оқуға тыйым салынған кітаптар тізімін жасау керек сияқты. Мәселен, «Мальчик в полосатой пижаме», немесе Светлана Алексиевичтің кітаптары және Франклдың осы кітабы. Себебі,...
5 лет назад
«Суперфрикономика» кез келген адамды қызықтыра қоятын кітап емес
Бұл кітап басынан бір-бірімен байланыспаған фактілерді үсті-үстіне баттастырып, арасында әзіл қосып, ғалымдардың зерттеулерін теріп жазылған дүние боп көрінуі мүмкін. Ойыңызды авторлар да мойындайды, кіріспесінде. Бірақ, кітапты кіріспеден бастамауды мектепте қалыптастырып алған мен оны қайдан білейін?! Сонда кітап не жайында? Адамдардың күнделікті байқамаған іс-әрекеттерінің салдары жайында. Мәселен, дәрігерлердің қол жуу әдеті мен бала өлімі арасындағы байланысты көрсетеді. Немесе феминизм дамуы мектеп мұғалімдерінің орташа білім деңгейінің төмендеуіне әкеп соққанын туралы жазады...
5 лет назад
Завтрак готовлю сам
«Что у меня на завтрак?» - просыпаюсь с этим вопросом и большим нежеланием вставать с теплой постели со вкусом Chanel #5. Время 6.00 часов. Астана. В этом городе даже летом невозможно спать без махрового пледа и закрытыми окнами, оттого утренняя постель желаннее вдвойне. На кухне прибрано, посуда помыта. Ситуация настолько нестандартна, что даже чайник, который начинал и заканчивал свой день под краном, наполнен водой и подключен к электричеству, да и казан оказался серебряным, а не черным. Кто-то не закрыл входную дверь...
5 лет назад
Қазақтың үздік фильмдері
Қазақ киносының алтын қазынасы «Қазақфильм» мейірім мен өмірге құштарлыққа толы фильмдерімен белгілі. Олар әке-шешеміздің жастық шағынан сырт шертіп қана қоймай, балалығымыздың естелігі іспетті. Ендеше, қазақ киносының алтын қорынан арнайы үздік фильмдерді іріктеп алдық. 1. «Менің атым — Қожа» Бердікбек Соқпақбаевтың аттас шығармасына түсірілген бұл фильмдегі кішкентай Қожа қай-қайсымызды қызықтырып қана қоймай, мейірімді ұстаздарға сыйластығымызды арттырып, ана махаббатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді...
5 лет назад
Соғыста сіңген әдет
Павлодар қаласынан 215 шақырым жерде Тегістік деген кішкентай ғана ауыл бар. Атам заманнан мал бағып, адал еңбегін Жер-анамен бірге көрген бұл ауылда қазір 15-ақ үй қалған. Әлі де қой бағып, қыста қорада, жазда жайлауда өмірі өтеді бұл халықтың. Әңгімемізге арқау болған тоқсанның үшінші жылынан асқан Сәруар әже де осы ауылдың тумасы.  - Әже, - дауысымды шығарып жанына келемін. Креслода отырған әжем қолындағы “Мұнараның” кезекті санын алып тастап, маған қолын береді. Бетіме мұқият қарап:  - Ернарымбысың? - дейді сұраулы көздерімен қуана...
5 лет назад
Гүлфайруз қазір қайда екен..
Солтүстіктің жігіттері батыстың адайларымен қайда жүрсе де, әйтеуір, бірден тіл табыса алмайтыны бар. Сол тілде мәселе, біріншіден, біздікілер қазақшаға шорқақ қой, ал адайлар зекіп сөйлегенін табиғи құбылыс екенін ұғынбайды және. Осылайша мен екі рет араша болдым екі елдің жігіттеріне. Екіншісі мектеп түлеп, әскери полигонда жатқанымызда болған. Ал біріншісі... "Курорттағы махаббат" қазіргінің әсемдігі кеткен түсінігі ғой. Ал біздер бала кезде лагерьлерге барушы ек, сол кездегі махаббатты айтыңыз...
5 лет назад
Латте. 0.3. С сиропом.
Латте. 0.3. С сиропом. Ведь у нее будет хорошее настроение Это он потом поймет, что влюблен в нее. Когда уже поздно признаваться, когда уже испорчены все отношения и не вернуть назад былые времена. Сидя в маленьком заведении на берегу Сены и всматриваясь в Пон-неф его беспокоило только одна мысль. Сказать беспокоило - значит ничего не сказать. Она убивала его. Щемило сердце. "Не бывает!" - кричит внутри голос: "Не бывает дружбы между парнем и девушкой. Есть только желание быть вместе либо они используют друг-друга, чтобы побороть одиночество"...
6 лет назад
Мешіттегі мереке (Дәрет)
Бала кезгі естеліктер күн өткен сайын көз алдыма қайтып келуде. Әсіресе, мешітімізде болған қызықты оқиғалармен бөліскенді жөн санаймын. Ауылға ислам енді келген кез. 2006-7 жылдар болса керек, Самарбек ұстаздың сенімді серігі едім. Серік болғанда, анамның бала кезден "мұғалімдерге құрметпен қара" дегені ғой. Оның үстіне әр қазақ үшін имамның орны бөлек. Айтқаны - заң, жасағаны - үлгі ғой. Сондықтан Самарбек ұстаздың айтқанын екі етпейтінмін. Алдымен азан үйретті, одан кейін ұстаз жоқта ауызашар алдында ақшамда имам болдым...
6 лет назад
Ақ қармен кетті Ақдана
-Ақдана? Ақдана! - алыстан естілген дауыстарды құлақ естісе де, көңіл қабылдап, көз ашылар емес. Таңғы бестердің шамасына ұйқыға жатқан арудын ешкім мазасын алмаса дейді. Шығып жатқан дауыс та анасының 7-сыныптағы ұйқысынан оятқаны секілденеді. Алғаш таңертең сабаққа баратын кезі еді ғой, сондықтан, ерте оянып үйренбеген. "Ақдана, Ақдана" - деген анасының еркелей-ұрыса сөйлегені есінде. Уақыт өткен сайын дауыс та үдей түседі. -Ақдана, Сенатта сенің сері жігітің сөйлеп жатыр, көрмейсің бе?! - Қарлығаш құрбысы екен. Қазақ атаулыға тән астыртын, күлімдей, қызықтыра сөйлейді. "Сенің сері жігітің" дегені Сәкен айтып жатыр...
6 лет назад