ӘННІҢ ӘРІ
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сезім мен суретке толы бұл өлеңін кімге арнағаны бізге белгісіздеу. Бірақ кімге арнаса да, «тал бойында бір мін жоқ» арудың тегін адам болмағандығын байқаймыз. Қазақ қызының сыр-сымбатын, жүріс-тұрысын, ай дидарлы келісті көркін бұдан артық әспеттеу мүмкін емес...