Бурабайға жарысқа барған 10 жасар алматылық оқушы орманда адасып кетті
Полиция мен ТЖД он жасар Абылайды бірнеше сағат бойы іздеді. Бурабайға радиокөпсайыстан жарысқа келген он жасар алматылық орманда серуендеп жүріп адасып, бірнеше сағат бойы қайтар жолды таба алмаған, деп хабарлайды Спутник Казахстан 10 жасар Абылайдың жоғалғаны туралы 16 мамыр күні сағат 15:00 шамасында белгілі болды, бала жоспарланған жарысқа келмеген. Ұйымдастырушылар баланы пансионаттың аумағынан екі сағат бойы өздері іздеген, дегенмен одан түк шықпайды. Содан болған жайтты полицияға хабарлауға шешім қабылданады...