Найти в Дзене
Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. – Баяндама бетінде жағдай бақылауда болғанымен, іс жүзінде олай емес. Президент Әкімшілігіне еліміздің барлық дәріханаларындағы дәрі-дәрмектерді тексеру жөнінде тапсырма бердім. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрі тапшылығы, ұзын-сонар кезек әлі де бар...
5 лет назад
Үйінде пневмониядан емделіп жатқандар қандай дәрі-дәрмекті тегін ала алады
Пневмония, жрви және кви-дің жеңіл түрі бойынша үйінде емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін Ала алады. Бұл жайлы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі...
5 лет назад
Құрбандық малын қашықтан шалуға да болады
Құрбандық малын шалуды қашықтан орындауға болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша, биылғы құрбан айт Алла қаласа 31 шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін содан 10 күн бұрын жариялап айтамыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Сонымен қатар ол Құрбан айт мейрамы...
5 лет назад
Жаназа мен құдайы асқа қатысқанда қандай ережені сақтау қажет - ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров жаназа намазы мен құдайы асқа қатысқанда қандай ережені сақтау қажеттігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елімізді дүрліктірген індеттің қаупі күннен-күнге өршіп бара жатқаны өздеріңізге мәлім. Ауру айтып келмейді. «Сақтансаң - сақтаймын» демекші төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлық таныту өзіміз үшін ғана емес жанымыздағы жандардың өміріне де кері әсерін тигізері хақ. Осы орайда,...
5 лет назад
Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында тіркелген, құрамында парацетамолы бар, дене қызуын түсіретін, вирусқа және бактерияға қарсы дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің мәліметінше, әр дәрі-дәрмектің бірнеше атауы болады. Оның ішінде халықаралық патенттелмеген атауы, химиялық және коммерциялық атауы бар. Халықаралық атауын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекітсе, химиялық атауы күрделі, айтуға ауыр болуы мүмкін. Ал енді сатылымға шыққан кезде фармкомпаниялар дәрінің атауын өз қалауынша қоя береді...
5 лет назад
Қазақстандағы жаңа карантин: 42 500 теңге төлем беріле ме
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден басталатын екі апталық карантин кезінде әлеуметтік төлем беру мәселесіне қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойылды. Вице-премьер төтенше жағдай болмағандықтан, бұл төлемге заңнамалық негіз жоқ екенін атап өтті. «42 500 теңге көмегі тоқтады. Бірақ, әлі толық жұмысқа шыға алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерлерге әлеуметтік төлем жасай алмаймыз дейді...
5 лет назад
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «карантиндік режим Мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны...
5 лет назад
Қазақстанның эстрада жұлдыздары той тойламай, үйде отыруға шақырды
Қазақстан эстрада жұлдыздары азаматтарды карантин талаптарын сақтап, үйде отыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев Instagram парақшасында қазақстандықтарды сағынып жүргенін жазды. «Қадірлі ағайын, аты жаман індет күн өткен сайын күшейіп бара жатыр. Мен танитын біраз жақын адам сырқаттанып қалды. Әркім әртүрлі әңгіме айтып, сан-саққа жүгіртуде. Барынша абай болыңыздаршы. Ауырып жатқан жандарға Алла шипасын берсін. Жаныма жақын жандарды, сыры бірге достарды, жалпы бәріңізді сағынып жүрмін...
5 лет назад
Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады
ҚР премьер-министрі Асқар маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды primeminister...
5 лет назад
Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы еңбек нарығына қалай әсер етті
Коронавирус пандемиясының әсерінен ең алдымен даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқа да тұрақсыз жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шегуі мүмкін. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарына дамыту орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. COVID-19 пандемиясы жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретіп, Қазақстанның еңбек нарығында өз түзетулерін енгізді. Осыған байланысты, WDC (Еңбек ресурстарын дамыту орталығы) елдегі жұмыспен қамтуға пандемияның...
5 лет назад
Каспий теңізі туралы фильм Discovery Channel арнасынан көрсетілмек
Discovery Channel телеарнасынан Каспий теңізі туралы документалды фильм көрсетіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сіздер бұл туындыда Каспий теңізі мен еліміздің жабайы аңдарының сұлулығына қанығасыздар...
5 лет назад
Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды – ҚР Президенті
ҚР үкіметі 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге карантин жариялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (Ол ұзартылуы Да мүмкін) жоспарын ұсынды...
5 лет назад