Найти в Дзене
Мусиннің отставкасы хақында
Мусинді жиі сынағасын ба, кейбіреулер орнынан кетуіне қатысты пікір сұрап жүр. Сірә, мені қуаныштан билеуі керек деп ойлайтындар да бар. Ал мен оның тек мына әрекеттерін сынағанмын. 1) Айтидің көрінеу әдемі әрі тез нәтиже беретін қасиетін сарқа пайдаланды және өкінішке қарай, жас бола тұра кәрі аппаратшы шал істейтін тірліктен аса алмады. Оның кезінде, "енді сол құлағың еститіні туралы анықтама ала аласыңдар" деген сияқты жаңалықтар қаптап кетті. Айтишілер қауымы мұндай "жаңалықтың" құны небәрі он-жиырма жол код екенін, аггрегат функцияларды ақырзаманға дейін жаза беруге болатынын біледі...
1 год назад
BigData сәтті мысалы. Конгреске кім қалай келді?
The New York Times басылымының авторлары Jessia Ma мен Sahil Chinoy АҚШ Конгресі мүшелерінің осы мансапқа дейінгі өмір жолын сараптаған. Нәтижесінде технологиялық тұрғыдан да, журналистік тұрғыдан да тартымды әрі қызықты контент шыққан. Авторлар алдымен конгрестегілердің барлығына ортақ өмір кезеңдерін төбе ретінде белгілеген. Олар: оқуы, жұмысы немесе кәсібі, әскер, т.б. Сосын әрбір конгресcменнің өмір жолындағы төбелерді қосып шығады. Демократтарды көкпен, республикашыларды қызылмен сызады. Мысалы,...
5 лет назад
BigData дегеніміз не? Пушкин мен Дантестің атысы - BigData елегінде
Өткен лоңридтен соң, BigData жөнінде көп сұрақ қойылды. Ол сұрақтардың жөні бар. Себебі BigData тақырыбын журналистикаға байланысты зерттеп жүрген адамға - интернетке қатысты BigData-аналитика туралы материалдар шыға береді. Көбінің шатасатындары - BigData-ны таза журналистік технология ретінде қарайды екен. Тіпті де олай емес. BigData - коррупцияны зерттеп жүрген журналиске де, алыс жұлдыздардан келген сигналдардан заңдылық іздеген астрономға да көмектесе алады. Бұл жерде журналиске де, астрономға да - түрлі дереккөзден келген мәліметтер жиынын сараптау қабілеті керек...
5 лет назад
BigData елегінде – Абайдың қара сөздері
(қысқартылып алынды, толығырақ: https://erekepost.kz/abai ) «BigData» дегеніміз не? Ол медиада не үшін қажет? Бұл сұрақтарға мейлінше көп оқырманға таныс Абайдың «Қара сөздеріне» BigData ретінде қарау арқылы жауап беріп көрейін. «BigData» дегеніміз – үлкен дата, үлкен мәлімет қоры. Компьютер ғылымының түсінігі. Бірақ BigData журналистік зерттеу техникасы ретінде қарастырылып, сәтті қолданылып жүр. Ол қалай сонда? Мақалаға қажет мәліметтер қайдан, қалайша BigData бола алады? Ол үшін дөрекі мысал келтірейік...
5 лет назад
Софттар зиратында. Есек
«Марқұм — аяулы әке, сүйікті жар бола алды ма? Әрине жоқ!» О. Бендер Паниковскийдің жаназасында - Қатты да қалды! - Система да қатып қалды! - Төрт рет ашып-жаптым, фотолар бәрібір кетпей, қатып тұр! - Қатып тұр! - Қатып қалды! - Қатып тұр! - Қатып қалды... Dial-up интернеттің заманында Internet Explorer браузері тұрған компьютер класында осындай айқай-шу болып жататын. Қызығы, дүниеде басқа браузер болуы мүмкін екенін білмегесін, нашар жұмысты Internet Explorer-ден емес, өзімізден әлде «Қазақтелекомнан» көруші едік...
6 лет назад
Если нравится — подпишитесь
Так вы не пропустите новые публикации этого канала