Найти в Дзене
25 подписчиков

Жүк көлігі жол үстінде жанып кете жаздады


Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолында жүк көлігі өртке оранып, жанып кете жаздады. Қуанышқа орай, жолда қозғалтқыш бөлігі отқа оранған көлікті полицейлер көріп қалды.

Жүргізуші жалынды көргенде қатты таң қалғанын жасырмады. Айтуынша ол көліктің жанып жатқанына мүлдем мән бермеген.

Полицейлер өртті сөндіріп, ТЖО-ға жетуіне көмектесті. Жүк көлік жүргізушісі полицейлерге алғысын жаудырды.
Около минуты