102 подписчика
🎭”Махаббат қызық мол жылдар”
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры.
10/10
Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут
Құдай-ау қайда сол жылдар?
Махаббат қызық мол жылдар..
Ақырын-ақырын шегініп
Алыстап кетті-ау құрғырлар.
Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады.
Около минуты
12 октября 2023