36 подписчиков
Жеке бас:
1. Өміріңізді ешқашан өзгенің өмірімен салыстырмаңыз. Себебі, сіз олардың өмір жолы қалай өткенінен мүлдем бейхабарсыз.
2. Көңіліңізді түсіретін жағымсыз ойларды өзіңізде ұстамаңыз, оның орнына ойыңызды дәл қазіргі жағымда нәрселерге аударыңыз.
3. Өзіңізді тым артық кіналай бермеңіз.
4. Алтын уақытыңызды өсек - аяңға жұмсамаңыз.
5. Көңіл сергітер уақытта көп армандаңыз.
6. Күншілдікке салыну ойыңды босқа ластау, өйткені сізде өзіңізге керектің бәрі бар.
7. Өткен уақыттың келеңсіздігін ұмытыңыз, сүйіктіңізге де өткен қателігі туралы айтпаңыз. Ол сіздің қазіргі бақытты шағыңызды бүлдіреді.
8. Уақыт сондай қысқа, өшпенділікке жұмсамаңыз. Басқаларды жек көрмеңіз.
9. Әр адам өз бақыты үшін жауапты.
10. Есте сақтаңыз, өмір – мектеп, сіз мұнда оны танып білуге келдіңіз. Қиындықтар – оқу жоспарының бір бөлігі, біресе туындайды, біресе шешіледі, тура математика пәніндей, алайда сол алған сабағыңыз өмір бойына есте қалады.
11. Көп күліңіз және қуаныңыз.
12. Әрбір туындаған дауда ұтуға тиіс емессіз.
Около минуты
16 октября 2023