36 подписчиков
•Барлық кемшіліктеріңді ұмыт. Ең бастысы өзіңнің ар-ожданыңды ойла.
•Басыңды салбыратпа. Жақсы көрінуді ұнататын қыздар алдына тік қарап жүреді.
•Үнемі белсенді және өзіңе сенімді бол. Мүмкіндігінше жан-жағыңдағыларға көбірек жақсы көңіл-күй сыйлай біл. Оларға үнемі күндей күлімдеп жүретін әсер қалдыр.
•Тыңдай біл. Өзгелердің пікірін сыйлай біл. Өзіңдікін айта берме.
•Қасыңа күтім жаса. Көз – жүректің айнасы. Күннен қорғайтын көзәйнекті де ұмытпау керек! Дұрысы қасты арнайы мамандарға жөндеткен дұрыс.
•Өзгеруден қорықпа. Алға қарай ұмтыл. Жан-жақты бол. Бірнәрсеге айналсоқтай берме. Байқап көр. Өзіңді таны.
•Жұпар аңқып жүр. «Өз иісіңді» тап та, үнемі соны бүркіп жүр. Иістер адамдардарға әсер қалдырады.
•Бет қызартатын далапты үнемде. Одан да таза ауада көп жүр.
•Бір нәрсемен айналыс. Мысалы, таэквондоны үйрен.
•Біреулерді көшірме. Өз стиліңді тап.
•Хош иісті конфет алып жүруді ұмытпа! Барлық жарнамалар таза дем түсіністікті жеңілдетеді деп дәлелдейді. Онысы рас!
•Тамақты тәбетпен және әдемі же. «Диета» деген сөз жағымсыз.
•Аяқ алыс адымдарыңа қарап жүр. Жүрісің тартымды болсын. Аяғыңа қарама, асықпа, өкшеңді қисайтпа.
•Көлемді кішірейт. Сөмкелердің көлемін өзгерт. Тартымды кішкене сөмке тұрғанда үлкенін ұстаудың қажеті қанша?
•Көбірек оқы. Көп нәрседен хабары бар адаммен араласқың келіп тұрады емес пе?
•Мақсатыңа жетуге талпын. Өзіңе бір мақсат қой да, соған қарай ұмтыл. Ішкі дауысыңа сен. Мақсаты бар адамдар тартымды болады.
•Дәмдеуіштерді пайдалан. Ең болмағанда тағамның бір түрін жасап үйрен. Тіпті ол қарапайым алма пирогы болса да, жақындарың мен достарыңды қуант.
•Шашыңа күніге қарап жүр. Үйлесімді, ұнамды етіп жасай біл.
•Басты нәрсені айтпа. Қыз баласы бірінші кездесуде-ақ өзі туралы түгел айтып тастауға болмайды. Кейбір жұмбақтарды қалдыр. Жігіттер жұмбақты шешкенді жақсы көреді!
•Даусыңды қатты көтеріп сөйлеме. Өз-өзіңді ұста.
•Ойна! Өзің туралы кино түсір, басты рөлде ойна, түрлі образға кіріп көр.
•Ақылгөйсіме. Қыздың өзін ақылды көрсеткісі келіп цитаталар немесе мақалдар қосып сөйлегені ашуды келтіреді.
•Сыйлықтар сыйла. Кішкентай немесе қолдан жасалған болса да достарыңа, таныстарыңа жайдан жай сыйлық сыйла. Өйткені сенің көңіл-күйің жақсы.
•Адаммен сөйлескенде қолынан ұста немесе арқасынан қағып жақында.. Психологтар мұның сөйлесушінің көңілін жайландыруға көмектесетіндігін айтады.
•Шұқылана берме. Үстелдегі ұнтақтарды домалатып, салфетканы бүктеме т.т. Бұлар өте жаман көрінеді. Оның орнына кекіліңді бетіңнен үрлеп жібер.
•Айырмашылықты сезін. Тартымды киін, бірақ әлем-жәлем болмасын. Мәселен, қысқа юбка, жабысқан кофта, қып-қызыл далап, қап-қара боялған көз қандай қызды елестетуі мүмкін?
•Қолыңа күтім жаса. Маникюрді ұмытпа. Жұмсақ, әдемі қолдарды ұстағың келіп тұрады.
•Көбірек күлімде. Сенің бақытты екеніңді бәрі көрсін.
2 минуты
16 октября 2023