36 подписчиков
Адамдар "бақыт" деп атауға тұрарлық керемет бір құндылық бар деп ойлайды. Тіпті соған жетуді өмірлік мақсаты санайтындар да табылады. Бақыт деген бар ма өзі?! Ол - бар болғаны мәтіннің тақырыбы ғана. Ал мазмұнын әр адам өз еркінше жазады. Өзгелер айтқан бақыт қолымда деп налыма. Ал өз өміріңді бақытқа толтыруға мүмкін бір-ақ қана қадам қалғанда болар. Бәрі мүмкін. Мен үшін бақыт әкемнің сенімі, анамның күндей күлімсірегені, бауырымның амандығы.Одан басқа қандай бақыт керек. Біреу үшін бақыт ақша, ал кейбіреу үшін тіпті басқа құдайға керек емес дүниелер. Уақыт өте келе бәрі өз орнымен болады. Мен үшін ең қымбат бақыттың өзі шоқ жұлдыздай сөнуі мүмкін. Міне не үшін әкемнің сенімін , анамның күлкісін ,бауырымның амандығын бақытқа санамасқа. Бұл сезімдергеде бір күні зар болып қалармын.Ал ақша болса, қолдың кірі.Бүгін бар ертен жоқ .Бақыттың не екенін тек сен ғана білесің. Себебі бұл - сенің өмірің. Бақыт іздеп сарсаңға түсуге де міндетті емессің. Өйткені, бақыт - әуелден бері сенің өзіңде, жүрек түкпіріңде. Тек көре білсең болғаны. "Жақсы адамдар сiзге бақыт әкеледi, жаман адамдар тәжiрибе бередi, ең жамандар сабақ бередi, ал ең жақсылары, естелiк қалдырады."
Жасыңа жас қосылған сайын өмірге деген көзқарасың жаңа дем табады,кеңейе түседі.Есейген сайын бақыттың дәмін татуға жан-тәніңмен тырысасың.Сол бақытқа жету үшін балалығыңды қиюға батылың жете ме?Өзгере аласың ба?Өмірдегі ақ пен қара жолақты аттауға қадамыңның қашықтығы жетеді ме?
Өткенге өкінбе,болашаққа сеніммен қара,бастысы қазіргі уақытта өзіңмен бол.Адамдардың айтқанына көз жұма жүріп,өзіңді таны.Айнаға қарап өзіңнің шынайы бейнеңді аш.Ұмытпа,сенің қоршаған ортадағы сынға түкіргенің бар.Өзгенің ойы өз ойыңмен параллель.Әрдайым.Жат пікір саған әсер етпесін,ботам.Көзіңді жұм да,терең демал.
1 минута
16 октября 2023