Найти в Дзене
9 подписчиков

ҚАЗАҚ ТІЛІ - Мағжан Жұмабаев


Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!

#esenmediakz #қазақтілі
ҚАЗАҚ ТІЛІ - Мағжан Жұмабаев  Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Около минуты