Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа нұсқасы. Педагог-шебер. Мазалайтын сұрақ

Бір-екі күн әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстарда жарияланған мектеп мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа нұсқасы - мұғалімдердің мазасын қашырғаны белгілі. Біразы құптаса, біразы әлеуметтік желілер талқылап үн қосып жатыр. Жүйе жаңарған сайын - жаңа талап енетіндігі белігілі. Бұл жоба - бұрыңғыдан өзгерек, әрі күрделірек болып шықты. Бұл сөзсіз. Жоба қандай өзгерістерді еңгізуді қалайды 1. Деңгей - Ғылыми педагогикалық магистр дәрежесінде алған мұғалімдер - қазір мектепте көптеп саналады. Оларға жалақыға ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақша қосылады. - Алайда, PhD дәрежесі бар азаматтар - мектептерге бара қоярма екен. Оларға ЖОО мен ҒИ барған тиімдірек 2. Сабақтар - Бұл жүктеме тым көп. Мұғалім алып жүре алмауы мүмкін. Облыс аралап, семинарлап кетпесе болғаны. Отбасылық өмірі жәйна қалып. - Мұғалім тұратын жерде ғаламтор желісінің істеуі негізге алмаған 3. Кәсіби біліктілігі SAT тестілеуіне дайындау IELTS, DELTA, SELTA сертификаттары (бар болған жағдайда). - SAT жүйесі Қазақстанға

Бір-екі күн әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстарда жарияланған мектеп мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа нұсқасы - мұғалімдердің мазасын қашырғаны белгілі.

Біразы құптаса, біразы әлеуметтік желілер талқылап үн қосып жатыр.

Жүйе жаңарған сайын - жаңа талап енетіндігі белігілі.

Бұл жоба - бұрыңғыдан өзгерек, әрі күрделірек болып шықты. Бұл сөзсіз.

  • Бұл жоба еңгізілсе - педагог-шебер санатынына тапсыратындар әр облыста саусақпен санаулы болып қалатын шығар.
  • Педагог-шебер санатындағы мұғалімдер - өз санатын қорғай алмай қалмаса болғаны.

Жоба қандай өзгерістерді еңгізуді қалайды

1. Деңгей

  • Ғылыми педагогикалық деңгейіндегі магистр дәрежесі немесе PhD (Философия ғылымдарының докторы)

- Ғылыми педагогикалық магистр дәрежесінде алған мұғалімдер - қазір мектепте көптеп саналады. Оларға жалақыға ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақша қосылады.

- Алайда, PhD дәрежесі бар азаматтар - мектептерге бара қоярма екен. Оларға ЖОО мен ҒИ барған тиімдірек

2. Сабақтар

  • 4 офлайн және 4 онлайн, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен

- Бұл жүктеме тым көп. Мұғалім алып жүре алмауы мүмкін. Облыс аралап, семинарлап кетпесе болғаны. Отбасылық өмірі жәйна қалып.

- Мұғалім тұратын жерде ғаламтор желісінің істеуі негізге алмаған

3. Кәсіби біліктілігі

SAT тестілеуіне дайындау

IELTS, DELTA, SELTA сертификаттары (бар болған жағдайда).

- SAT жүйесі Қазақстанға әлі еңгізілген жоқ.

- IELTS, DELTA, SELTA сертификаттары бір жылға ғана жарайды.

- IELTS, DELTA, SELTA сертификаттары деңгейге сай бөлінеді. Шет тілін білу көрсеткішін көтеріп отыру үшін - үнемі курстарға қатысып отыруың керек.

4. Тәлімгерлік

5 мұғалімге тәлімгерлік

+ менторлық және волонтерлік

- Арнайы курстар өткізбесеңіз - Халықаралық және Республика деңгейінде 5 мұғалімге тәлімгер бола алмайсыз (әрине, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімінде болу керек шығар тәімгерлік жасар мұғалімдеріңіз).

- Менторлық оқушыға әлде мұғалімге ма? Бірқатар облыстарда мектептерде арнайы ментор штаты бар. Педагог-шебер солардың жұмысына жармасу керек па? Оларға арнайы жалақы төленеді.

- Волонтерлік? Волонтермін деп тіркелмесеңіз - волонтер бола алмайсыз. ҮЕҰ мен арнайы волонтерлік ұйымдарға арнайы штаттан тыс немесе арнайы қызметкер ретінде тіркелуіңіз керек.

5. Жарияланым

КОКНВО, Scopus, WoS рейтингісіндегі басылымға мақала жариялау.

- Бұл жарияланымдар - ақша тұрады. Әсіресе, Еуропалық басылымдар, ортадағы делдалдармен көмектесушілердің әсерімен миллион теңгеге барып қалуы мүмкін. Асып кетпесе.

Оқулықтар немесе оқу құралдарының авторы болу.

- Оқу құралдарының авторы болу - орта мектеп мұғаліміне жете қоярма екен? ЖОО оқу орындары мен академиялық ғылыми дәрежелері бар адамдар жазып жатып, солардан артылмай жатқанда.

- Оқу құралының авторы болу - Оқу құралын құрастыруға болады. Егер бекітіліп шыққан оқу құралы оқу-ағарту министрлігі тарапынан демеушілік қолдау білдіріліп, таратылып жатса

6. Сабақтан тыс жұмыс

  • 16 сағат жүктеме
  • балалармен жұмыстағы нәтиже.

- 16 сағаттық жүктеме дегеніміз - бір педагогтың кәсіби жүктемесі. Әрине, егер сіз арнайы біліктілік арттыру курстық мекемелеріңізде істесеңіз - онда 16 сағаттық жүктеме шығаруыңыз мүмкін.

- менторлық, волонтерлік пен сабақтан тыс 16 сағаттық жүктемені мұғалім физикалық тұрғыда алып жүре алама екен?

балалармен жұмысты тек ғана педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім ғана емес педагог-модератор, педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімдер көрсетуі керек.

Бұл жоба мұғалімдерді қағазбастылыққа көміп тастамаса болғаны.

Мұндай санаттағы мұғалімнің жалақысы миллион жетіп, санатын өмірбақилыққа беру керек шығар

Мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа үлгісі. Педагог-зерттеуші. Мазалайтын сұрақ https://dzen.ru/a/aeHH3j2uPweZqyjx?share_to=whatsapp