Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа үлгісі. Педагог-зерттеуші. Мазалайтын сұрақ

Кешеден бері әлеуметтік желілер мен байланыс құралдары арқылы тарап жатқан мектеп мұғалімдерінің аттестациялаудан жаңа нұсқасы - мұғалім қауымын алаңдатып қойып отыр. Бірақ жаңа үлгі мұғалімдерге біліктілік беру жүйесін жеңілдетпей, керісінше мүлде күрделендіріп қойған сыңайлы. 1. Ашық сабақ өткізу. 6 сабақ өткізу (3 онлай, 3 офлайн). Тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен критериі - ауылдардың шалғайлығы мен шалғай ауылдардағы ғаламтор жылдамдығын назарға алмаған сыңайлы. - Егер жылына жүздеген-мыңдаған педагог педагог-зерттеуші санатына өтінім беретіндігін ескерсек - тәжірибе тарату алаңы ретінде сабақ беретін мектептер табылмайды ау. - 3 офлайн сабақты - өтінім беретін мұғалімдер санына көбейтсек жеке телеарна ашу керек болар. 2. Жарияланым Scopus, WoS рейтингісі бойынша ғылыми журналдарға мақала жариялау. 3. Тәлімгерлік Мектепте 3 мұғалімге әдістемелік тәлімгер болу мүмкін емес 4. Тәжірибені тарату 4. Сыныптан тыс жұмыс Жылына 14 сағат. 5. Қауіпсіздік Оқушыларды суицидалдық әрекеттен с

Кешеден бері әлеуметтік желілер мен байланыс құралдары арқылы тарап жатқан мектеп мұғалімдерінің аттестациялаудан жаңа нұсқасы - мұғалім қауымын алаңдатып қойып отыр.

  • Әлбетте, жаңа үлгіні құптап ОЗП тесттін тапсырмайтын болды-деп жатқан мұғалімдерде бар.

Бірақ жаңа үлгі мұғалімдерге біліктілік беру жүйесін жеңілдетпей, керісінше мүлде күрделендіріп қойған сыңайлы.

1. Ашық сабақ өткізу. 6 сабақ өткізу (3 онлай, 3 офлайн). Тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен критериі - ауылдардың шалғайлығы мен шалғай ауылдардағы ғаламтор жылдамдығын назарға алмаған сыңайлы.

- Егер жылына жүздеген-мыңдаған педагог педагог-зерттеуші санатына өтінім беретіндігін ескерсек - тәжірибе тарату алаңы ретінде сабақ беретін мектептер табылмайды ау.

- 3 офлайн сабақты - өтінім беретін мұғалімдер санына көбейтсек жеке телеарна ашу керек болар.

  • Жалпы, сабақ өткізуге болады. Бірақ өтінім беретін мұғалімдерді түгел қамтитын ресурс жетпейді-ау.

2. Жарияланым

Scopus, WoS рейтингісі бойынша ғылыми журналдарға мақала жариялау.

  • Scopus, WoS рейтингісіндегі басылымдарға мақала жариялау - орта мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтере алмауы мүмкін.
  • Scopus, WoS рейтингісіндегі басылымға мақала жариялау - Республикада тарайтын ғылыми-әдістемелік журналға мақала жариялау емес.
  • Scopus, WoS рейтингісіндегі ғылыми журналға мақала жариялау - әртүрлі сомада, Еуропалық журналдар, Азиялық, Американдық және Поскеңестік елдердегі басылымдардың бағасы әртүрлі.
  • Scopus, WoS ретингісіндегі ғылыми журналға мақала жариялау ұзаққа созылады. Бір жылға дейін кетіп қалуы мүмкін.

3. Тәлімгерлік

Мектепте 3 мұғалімге әдістемелік тәлімгер болу мүмкін емес

  • Пәніңіз сәйкес болмауы мүмкін. Сіздікі қазақ тілі және әдебиеті пәні болса - бірлестікте - дене шынықтыру пәніне тәлімгер бола алмайсыз.
  • Мектепте аттестацияға беретін мұғалімдердің көп болса - тәлімгерлік болуға жас маман жетпеуі мүмкін.
  • Ауылдық мектептерде - физика, химия пәндерінің мұғалімдері бір адамнан болуы мүмкін. Олар өзге пән мұғалімдеріне қмж жасау көмектескенде де - пән ерекшеліктеріне тап болуы мүмкін.

4. Тәжірибені тарату

  • Егер аттестациядан әдістемелік құралды не нұсқаулықты алып тастаса - тәжірибеңді қалай таратасыз?
  • Тәжірибеңді тарату дегеніміз - сабақ беру емес. Өз әдісіңмен бөлісу. Авторлық құралың болмаса - нені таратасыз?
  • Тәжірибені тарату - педагогикалық үрдіс сұранысына жауап бере алатын әдіспен бөлісу және оны педагогтарға тарату деген сөз. Тәжірибе тарату дегеніміз - сабақ берумен шектелмеу керек. Ұсынар әдісімен бөлісу керек. Оны жүзеге асырар механизмін бірге ұсынған жөн. Иә, қайтадан авторлық құрал не әдістемелік құрал деген түсінікке қайта оралатын сыңайлымыз

4. Сыныптан тыс жұмыс

Жылына 14 сағат.

  • Жалпы бұл өзі құпталынатын жаңашылдық
  • Оқушыны байқауға апарғаныңыз, мұражай аралатқаныңыз ескерілуі керек.
  • Завод-фабрикаларды аралатуда - кейде мұғалімдер өз қалтасынан шығара салады.
  • 14 сағат - төлеңгені жөн

5. Қауіпсіздік

Оқушыларды суицидалдық әрекеттен сақтау дұрыс

  • Сынып жетекшілері сынып сағатында кіріктіріп айтады

Осы бес пункті орындау жолында:

1. Ашық сабақ өткізу папкасы, жарияланым папкасы, сыныптан тыс жұмыс жоспары деген жаңашылдықтар бірге келмесе болғаны.

2. Scopus, WoS рейтингісіндегі ғылыми басылымдарға мақала жариялауда - орта жолдағы көмектескіштер ақша табатын болады.

3. Ашық сабақтар өткізуде - мұғалімдер семинарларға тәуелді болып қалмаса болғаны.

4. Бес пункте оқушы жетістігінің көрініс тапппағаны өкінішті.

5. Осы бес пункті орындау жолында - қазіргі мұғалімнің жалақысы scopus, wos басылымына мақала беруді көтере алама екен?

  • Осы өзгерістерді еңгізген жағдайда

педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімнің жалақысы минимум 700 мың теңге болу керек шығар

Мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа нұсқасы. Педагог-шебер. Мазалайтын сұрақ https://dzen.ru/a/aeMf53g1Hl4c0tIv?share_to=whatsapp