Қазіргі кезде Тәңіршілдік ұғымын "әсіремұсылманшылдыққа" қою тренд болып кеткендігі белгілі. Тәңіршілдік идеясы сенім ретінде ХХ ғасырдың 90 жылдары Посткеңестік елдерде кең тараған қозғалыс. Әрине, бұл идеяны бастаушы ретінде Ресей құрамындағы Алтайстан, Татарстан, Башқұртстан елдері өзін атағанымен Тәуелсіз Қазақстан мен Қырғызстанда да, тіпті Моңғолия елінде де қолдау білдірген топтар болғаны белгілі. Бірақ бұл ағымдар, дүниетанымдық не салт-дәстүр түсінігінен ары аспады. Культтік, қауымдық, догмалық сенім деңгейіне бара қойған жоқ. Әрине, Тәңірі ұғымы 1. Сақ дәуіріне жататын деректерде кездеседі. 2. VII-VIII ғғ. жататын Моңғолия және Талас аңғарындағы құлпытастарда кездеседі. 3. ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашғаридың "Диуани лұғат ат-түрік" еңбегінде кездеседі. Тәңіршілдікке алғаш сенім тұрғысынан қарастырған бұл Шоқан Уәлиханов Бірақ, Тәңіршілдікті бұрмалаңған тұрғыда қарастыруға болмайды. Себебі: Тәңіршілдік көптеген халықтардың наным-сенімінің араласқан жиынтығынан құралған.