Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Мұғалімнің біліктілік санатын көтеруде авторлық бағдарламаның тиімсіздігі

Кешеден бері Республика мұғалімдері арасында көп талқыланып жатқан мәселердің бірі - оқу-ағарту министрлігі тарапынан мұғалімдерді біліктілік санатынан өткізу үрдісін, тоқтатып, жаңа өзгерістерді жариялауы десек қатеспегеніміз болады. Министр ханым, жаңалықтарды жариялай отырып, келесі күні нақтылап өтті. Аттестацияға тапсыратын мұғалімдердің біразы портфолионы алып тастап - тестті қалдырайық деп жатса, оған қарсылары тестті алып тастап - портфолионы қалдырайық деп әлеуметтік желіде пікірлерін білдіруде. Министр тарапынан айтылған жаңалықта - Қосымша: Әрине, келесі оқу жылының басында жаңа өзгерістер нақтыланып, құжат ретінде таныстырылатындығы белгілі. Сөзсіз, мұғалімдер қауымдастығы - біліктілік санатын көтеруде авторлық бағдарламаның алынып тасталғанын зор құрметпен қабылдады. Өз тарапым, авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал, нұсқаулықты да жазғаным бар - біліктілік санатымды көтеру үшін. Бірақ менде авторлық бағдарламаның мұғалімге қажеттілігіне күмән туғыздым. 1. Қазіргі таңда

Кешеден бері Республика мұғалімдері арасында көп талқыланып жатқан мәселердің бірі - оқу-ағарту министрлігі тарапынан мұғалімдерді біліктілік санатынан өткізу үрдісін, тоқтатып, жаңа өзгерістерді жариялауы десек қатеспегеніміз болады.

Министр ханым, жаңалықтарды жариялай отырып, келесі күні нақтылап өтті.

  • Мұғалімдер арасында қуанып жатқаны да наразылық білдіріп жатқаныда баршылық.

Аттестацияға тапсыратын мұғалімдердің біразы портфолионы алып тастап - тестті қалдырайық деп жатса, оған қарсылары тестті алып тастап - портфолионы қалдырайық деп әлеуметтік желіде пікірлерін білдіруде.

Министр тарапынан айтылған жаңалықта -

  • мұғалімнің біліктілік санатын көтеруде авторлық бағдарламаның алып тасталынғаны,
  • педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатына беруші мұғалімдер ендігіде тест тапсырмайтындығы айтылды.

Қосымша:

  • Халықаралық байқауларда оқушылары орын алған мұғалімдерге бір реттік ақшалай көтерме сыйақысы берілетіндігі айтылды.

Әрине, келесі оқу жылының басында жаңа өзгерістер нақтыланып, құжат ретінде таныстырылатындығы белгілі.

Сөзсіз, мұғалімдер қауымдастығы - біліктілік санатын көтеруде авторлық бағдарламаның алынып тасталғанын зор құрметпен қабылдады.

Өз тарапым, авторлық бағдарлама, әдістемелік құрал, нұсқаулықты да жазғаным бар - біліктілік санатымды көтеру үшін.

Бірақ менде авторлық бағдарламаның мұғалімге қажеттілігіне күмән туғыздым.

1. Қазіргі таңда орта мектепте факультативтік сабақтар қысқарған. Тек арнайы курс оқығандарға ғана факультативтік сабақ жүктемесін береді (Жаһандық құзіреттіліктер, Роботехника). Мұғалімге авторлық бағдарламасын тәжірибеде еңгізу қиын.

2. Авторлық бағдарламаға негізделген факультативтік сабақтарды тек лицей, гимназия санатындағы мектептерге ғана қолайлы. Себебі, оларға мектептің таңдап алған бағытына байланысты оқу үрдісінің сұранысына байланысты тақырыптық факультативтік сабақтар бере алады.

3. Жалпы, орта мектеп, гимназия, лицей мектептер ұжымдағы 15-20 мұғалімде қорғап, таныстырған авторлық бағдарлама болғаныменде - оларға аптасына 2 сағаттық факультативтік курсын жасап бере алмайды.

4. Екі ауысымда оқып, кабинет жетіспеушілікке тап болып отыратын мектептер үшін министрлік тарапынан бекіткен факультативтік курстардан тыс қосымша мұғалімдерге авторлық бағдарламасына сәйкес факультатив сабақ жасап беру мүмкін емес.

Авторлық бағдарлама жазғанша - әдістемелік құрал не әдістемелік нұсқаулық жазған оңай. Әдістемелік құралдағы тиімді дүниені күнделікті сабақта қолдана аласын.

  • Педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатына үміткерлерге тест жүйесін қалдыру керек еді. Портфолионы алып тастап. Бұл енді жеке пікірім.
  • Халықаралық турнирлерге оқушыларын қатыстырып, жүлделі орын алған мұғалімдерді бір реттік сыйақымен марапаттау жаңашылдығын қуанышпен қарсы алдым. Қаншама мұғалімдер оқушыларын халықаралық жарыстарға апару үшін демеуші іздеп, кабинеттердің есігін ашумен болады.

- Бұл жаңашылдық спорт және жаратылыстану, шетел тілі және математика бағытында жарысқа қатысушылар үшін үлкен қолдау.

- Бірақ гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша халықаралық байқаулар жоқ