Найти в Дзене

Ирандық Күрд қарулы қозғалысы Тәуелсіздікке қарай бір қадам басқан сыңайлы

Әлемде өзінің Тәуелсіз мемлекеті жоқ халықтар арасында ірі ұлттардың бірі күрдттер. Түркия, Ирак, Сирия, Иран мемлекеттерінде шашырай қоныстанған күрдтер Ирактағы Саддам, Ирак пен Сириядағы Дайш жасақтарын жоюға үлесқосқан елеулі күш. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап күрд ұлттық ұйымдары өңірде өз Тәуелсіздігі үшін күрес жүргізіп келеді. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап, ұйымдасқан, идеологияланған, сырттан қаржыландырылатын деңгейге жеткен. Төрт мемлекетте 50 миллион халықты біріктіретін күрд ұйымдары саяси әртүрлі саяси идеологияны ұстанады. Бұл ұйымдар бірде тарайды. Бірде қайта құрылады. Әскериленген ұйымдардан басқа - билікпен компромистік парламенттік оппозициялық пікірді ұстанатын саяси партияларда бар. - Ирак аумағындағы күрдтер - аумақтық автономия мәртебесіне қол жеткізген. - Түркиядағы күрд ұйымдары - әскери қарсыласудан парламенттік оппозицияға көшуде. - Сириядағы күрдтер А. Джулани өкіметінен жеңілсе де қаруын тастаған жоқ. Билікпен компромиске келуде. Бірақ, Ирактағы, Т

Әлемде өзінің Тәуелсіз мемлекеті жоқ халықтар арасында ірі ұлттардың бірі күрдттер. Түркия, Ирак, Сирия, Иран мемлекеттерінде шашырай қоныстанған күрдтер Ирактағы Саддам, Ирак пен Сириядағы Дайш жасақтарын жоюға үлесқосқан елеулі күш.

ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап күрд ұлттық ұйымдары өңірде өз Тәуелсіздігі үшін күрес жүргізіп келеді.

ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап, ұйымдасқан, идеологияланған, сырттан қаржыландырылатын деңгейге жеткен.

Төрт мемлекетте 50 миллион халықты біріктіретін күрд ұйымдары саяси әртүрлі саяси идеологияны ұстанады.

Бұл ұйымдар бірде тарайды. Бірде қайта құрылады.

Әскериленген ұйымдардан басқа - билікпен компромистік парламенттік оппозициялық пікірді ұстанатын саяси партияларда бар.

- Ирак аумағындағы күрдтер - аумақтық автономия мәртебесіне қол жеткізген.

- Түркиядағы күрд ұйымдары - әскери қарсыласудан парламенттік оппозицияға көшуде.

- Сириядағы күрдтер А. Джулани өкіметінен жеңілсе де қаруын тастаған жоқ. Билікпен компромиске келуде.

Бірақ, Ирактағы, Түркиядағы, Сириядағы күрдтер емес Ирандағы күрдтер бас көтеруде.

Иран билігі АҚШ пен Израиль мемлекеттерінің әскери операциясына дейін-ақ Ирактағы күрд жасақтарына қарсы бірнеше мәрте әскери операциясын жүргізген болатын.

Алайда, Сирия мен Түркиядан ығысып жатқан жасақтарының АҚШ қолдауымен Иран аумағына ауысатыны сөзсіз.

Иранға қарсы АҚШ пен Израиль мемлекеттерінің әскери операциясынан кейін осы елдегі күрд әскери ұйымдарының Иран Ислам Республикасына қарсы әскери диверсиялық әрекеттерін бастап кеткені белгілі.

Егер, Ирандағы Ислам Республикасының билігі әлсіреп, өкімет құлап не елде азамат соғысы басталатын болса - Ирандағы күрдтер автономиялық не өзін-өзі басқаратын квази бірлестікке айналуы мүмкін.

Ирандағы күрдтер бұған дейін бірнеше мәрте өз Тәуелсіздігін жариялап көрген. 1946-1947 жж. Ирандық Күрдістанда - күрділердің Мехабад Республикасыда өмір сүрген.

ХХ ғасырдағы күрд халқының ұлттық мемлекетіне деген арманы, ұлт-азаттық күресі осы Ирандық Күрдістан аумағынан басталған.

Иранға бағытталған АҚШ пен Израиль мемлекеттерінің әскери операциясының шеңберінде қимылдап бастаған күрд әскери ұйымдарының қадамы - нәтижеге жеткізе ала ма? Уақыт көрсетеді.

Ирандағы күрд әскери ұйымдарының - Ирандық әзірбайжандар мен арабтардың наразылығы аясында бірге өрбима? Жоқ, әлде, өздері жеке әрекет ете ма? Белгісіз?

Иран билігі күрд әскери ұйымдарына тіпті мүмкіндік бермеуі де мүмкін.

Дегенімен, Американдық сценарий бойынша Ирандағы билікті құлатуда осы мемлекеттегі оппозициялық күрд қозғалысына қандай да бір рөл белгіленіп отырғандығы белгілі

-2

Суреттер ғаламтордан алынды