Найти в Дзене

Израиль мен АҚШ - Иранға қарсы әскери операция бастады.

Бүгін Израиль қарулы күштерінің ұшақтары Иран Ислам Республикасының аумағын бомбылауда бастағандығы белгілі. Израильдің бұл операциясы "Йехуда қалқаны" деп аталады. Әскери операцияның бұлай аталуының бірнеше нұсқасы бар. 1. Иехуда атауы - еврей ұлтын білдіреді. Яғни әскери операция Еврей халқының қалқаны деген мағына береді. 2. Иехуда атауы - Еврей тілінде Яхве құдайының атауына синонимдес. Яғни. Яхве құдайының еврей халқын қорғауы не қалқандауы. 3. Иехуда атауы - Иудей патшалығының негізін салған Иехуда пайғамбардың есімі. Яғни, әскери операция иудей(евре) халқының өз мемлекетін қорғау әрекеті. 4. Иехуда қалқаны деген атау - Ливанмен шекарадағы әскери форпост атауы. Әрине, әскери операция қалай аталса да АҚШ мемлекетінің Иран Ислам Республикасының әскери операциясының құрамдас бөлшегі. АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран тарапына берілген келіссөзге келу он күндігі - бүгін біткен болатын. АҚШ пен Израиль қарулы күштерінің Иранды нысанаға алатындығы өткен айлардан белгілі бола бастаға

Бүгін Израиль қарулы күштерінің ұшақтары Иран Ислам Республикасының аумағын бомбылауда бастағандығы белгілі.

Израильдің бұл операциясы "Йехуда қалқаны" деп аталады.

Әскери операцияның бұлай аталуының бірнеше нұсқасы бар.

1. Иехуда атауы - еврей ұлтын білдіреді. Яғни әскери операция Еврей халқының қалқаны деген мағына береді.

2. Иехуда атауы - Еврей тілінде Яхве құдайының атауына синонимдес. Яғни. Яхве құдайының еврей халқын қорғауы не қалқандауы.

3. Иехуда атауы - Иудей патшалығының негізін салған Иехуда пайғамбардың есімі. Яғни, әскери операция иудей(евре) халқының өз мемлекетін қорғау әрекеті.

4. Иехуда қалқаны деген атау - Ливанмен шекарадағы әскери форпост атауы.

Әрине, әскери операция қалай аталса да АҚШ мемлекетінің Иран Ислам Республикасының әскери операциясының құрамдас бөлшегі.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран тарапына берілген келіссөзге келу он күндігі - бүгін біткен болатын.

  • Келіссөз жүргізген дипломаттар пікірлерін нақтылағанмен ортақ шешімге келе алмады.

АҚШ пен Израиль қарулы күштерінің Иранды нысанаға алатындығы өткен айлардан белгілі бола бастаған.

Өзге елдер Израиль, Иран, Ирак аумағынан өз азаматтарын шығарғанша шығарып үлгерді. Шығаруға мүмкіндік болмаған соң азаматтарына - Иран аумағынан кетуге шақырды. Бағыттарын меңзеді.

Қазіргі таңда Иран аумағын Израиль ұшақтары бомбылап жатқанымен, әскери операцияны АҚШ тарапы ресми бастағандығын мәлімдеді.

Шамасы, келіссөз барысында Иран тарапы байытылған уран қорыннан бас тартатындығын мәлімдегенімен Орта қашықтыққа ұшатын ракеталар жоюдан бастартқандығы себепкер болса керек.

Кешке дейін аймақтағы АҚШ әуе күштерімен Парсы шығанағы аймағына жеткен қарулы күштері әскери операцияға қатысуы мүмкін.

Иран тарапы қарымта қайтару үшін - АҚШ әрекетін күтіп отырған секілді

Сурет ғаламтордан алынды