Талдықорған қаласында 4 наурызда ХХ ғасырдағы қазақ ұлттық қозғалысының белсенді мүшелерінің бірі Барлыбек Сырттановқа арналған "Ұлт көшбасшысы. Тәуелсіздік жолындағы тағдыр" дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел Жетісу облысының М. Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен ашылып, іс-шараға - Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университетінің тарихшылары мен Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің тарихшыларымен Талдықорған қаласының өлкетанушылары мен қала мектептерінің тарихшылары қатысты. Екі сағатқа созылған іс-шара Барлыбек Сырттановтың өміріне қатысты тың мағлұматтар айтылды. Іс-шараның аяғында - жиналған қауым Талдықорған қаласын Барлыбек Сырттановқа еңселі ескерткіш ашу бастамасын көтерді. Жалпы. Барлыбек Сырттановқа Талдықорған қаласында ескерткіш ашу мәселесі жиырма жылдан бері айтылып келе жатыр. Қазақ мемлекеттілігі тарихында көптеген заңдар болған. "Қа
Талдықорған қаласында қазақтың тұңғыш Конституциясын жазған Барлыбек Сырттановқа арналған дөңгелек үстел болып өтті
8 марта8 мар
1 мин