Найти в Дзене

Ливиялық сценарий - Иранда орын алуы мүмкін.

1969 жылы Ливияда Сенусидтік әулетінен шыққан Ыдырыс патша тақта тайдырылған соң 2011 жылға дейін Жамахирия дәуірі орнаған болатын. 2011 жылы Бенғази қаласында басталған наразылықтан соң Жамағирия билігі құлап, қарулы топтардың дәмеушілігімен бұрыңғы Сенисудтік дәуірдегі мемлекеттік ту көтерілген болатын. Бірақ қарулы топтар келісе алмай, мемлекет екіге бөлініп кеткені белгілі. Тіпті осы екі бөлікті қолдамайтын, тайпалар мен қарулы топтар өздерін қақтығыстағы үшінші тараппыз дейді. Бұлар Ливияның оңтүстігінде билік жүргізеді. Бұларға бұрыңғы құлаған Каддафи әулеті басым. Осындай сценарий Ирандағы жағдай ушығып кететін болса - орын алуы мүмкін. Ирандағы теократиялық билік әлсіреп, наразылықты басаалмай, азамат соғысына жол беріп алатын болса - Иран аумағы орталыққа бағынбайтын бірнеше аймақтарға бөлініп кетуі мүмкін. Тіпті бұл аймақтар өз дербестігін жариялап, бөлек мемлекет болуға талпынуы мүмкін. Иран тарихындағы мұндай құбылыстар бұрындарыда орын алған. Иранда орталық билік әлсіреген

1969 жылы Ливияда Сенусидтік әулетінен шыққан Ыдырыс патша тақта тайдырылған соң 2011 жылға дейін Жамахирия дәуірі орнаған болатын.

2011 жылы Бенғази қаласында басталған наразылықтан соң Жамағирия билігі құлап, қарулы топтардың дәмеушілігімен бұрыңғы Сенисудтік дәуірдегі мемлекеттік ту көтерілген болатын.

Бірақ қарулы топтар келісе алмай, мемлекет екіге бөлініп кеткені белгілі.

Тіпті осы екі бөлікті қолдамайтын, тайпалар мен қарулы топтар өздерін қақтығыстағы үшінші тараппыз дейді. Бұлар Ливияның оңтүстігінде билік жүргізеді. Бұларға бұрыңғы құлаған Каддафи әулеті басым.

Осындай сценарий Ирандағы жағдай ушығып кететін болса - орын алуы мүмкін.

Ирандағы теократиялық билік әлсіреп, наразылықты басаалмай, азамат соғысына жол беріп алатын болса - Иран аумағы орталыққа бағынбайтын бірнеше аймақтарға бөлініп кетуі мүмкін.

Тіпті бұл аймақтар өз дербестігін жариялап, бөлек мемлекет болуға талпынуы мүмкін.

Иран тарихындағы мұндай құбылыстар бұрындарыда орын алған. Иранда орталық билік әлсіреген тұста - күрдтер мен әзірбайжандар дербестігін жариялап көрген.

Ирандағы жағдай ушығып, азамат соғысына әкелетін болса - ұлттық күштер бұл жағдайды сәтті пайдаланып қалуы мүмкін.

Иран аумағындағы арабтарда дербес шығуға мүдделі. 1980-1988 жж. Иран мен Ирак мемлекеттері Иран мемлекетінің аумағындағы арабтар тұратын Хузистан аймағы үшін соғысып көрген.

Ирандағы парсы емес халықтар - өзінің мәдени дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға тырысуы мүмкін. Тіпті ушыққан жағдай - осыған әкелуі мүмкін

Сурет ғаламтордан алынды