2025 жылдың соңғы аптасында 30 желтоқсанда Иранда ұлттық банктың биржа арқылы жасаған саудасынан - ұлттық валюта реалдың ресми құны 1 долларға шаққандағы құны 1 миллион 450 мың реалға түскендігі белгілі. Бұл жағдай көрші елдермен сауда жасайтын ирандық саудагерлерге жәй түскендей әсер етіп, студенттердің қолдауымен Иранда жаппай наразылыққа әкелді. Әлбетте, Иран мемлекетінің ұлттық валютасының құлауына көп жылғы санкциялармен 12 күндік иран-израиль арасындағы текетірес әсер еткендігі белгілі. 12 күндік соғыс - Таяу Шығыстағы саяси күштер арасалмағын бір сілкіп қойғанымен Иран мен Израильдің шамасын сарқып, ішкі наразылыққа әкеле жатыр. Екі мемлекетте бұл дағдарыстан шығу жолы қарымта соғыс деуде. Бұл мәлімдемені Израиль мен Иранның сарапшылары жарыса жазуда. Израиль үкіметіне 12 күндік соғыстың зардаптарын жою үшін - Иранды әлсірету керек. Әйтпесе, Израиль - Иранның келесі соққысына шыдай алмауы мүмкін. Иран билігіне оппозициялық топтардың әлеуметтік желілер арқылы мәлімдемелер таратуы
Ирандағы толқулар Екінші Иран-Израиль соғысының басталуына әсер етуі мүмкін
1 января1 янв
1
1 мин