Бір күні аң аулауға шыққанда ханның лашын құсы ұшып кетіп, Жиреншенің үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің әйелі оны ұстап алып, түлетіп-желпінтіп қояды.
Соны естіп, құсын алуға ханның өзі барады. Жиренше үйде жоқ екен, зайыбы бүркеніп шығып ханға құсты алып береді. Хан қараса құсқа томаға тігіп кигізіп, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп жарастырып-ақ қойған екен.
Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрген-білген жан болмапты. Жеңдерімен ұстап, «жұмсақ жүн» деп құстың аяғына уықтың бауын тағады екен.
Ұшқанда сонысы бір құлаш болып шұбалып, аяғына оралып жүреді екен. Сондықтан хан не құсына қарарын бiлмей, не қатынға қарарын білмей, атынан ауып түсiп қала жаздайды.
- Біз бүгін осында қонамыз, - дейді хан.
- Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, арада біраз күн салып, бір айналып келіңіз. Кіріміз болса жуылып, қонақ жабдығын хал келгенiнше даярлап тұрайық.
Және жігіт-желеңмен келмеңіз: көп қонақты күтуге шамамыз келмейді, өз басыңыз