Найти в Дзене

КТК-ға жасалған соққы. Екі түрлі сезім, екі түрлі көзқарас, екі түрлі ой

КТК-дегенде телеарна деп қалмаңыздар. Қазақстан - Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан - ашық теңіз бен мұхиттарға шығар жол жабық. - Шығыс Азияның жағалаулық сауда қалаларына шығу үшін - Қытай арқылы тауар тасымалдаймыз. - Етіміз бен Ұнымызды Таяу Шығыс елдеріне жеткізу үшін - Иран аумағын дәліз ретінде пайдаланамыз. - Ал мұнайымызды Еуропа елдеріне жеткізу үшін көршілес Ресей мемлекетінің аумағын пайдаланамыз. Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бастан ішкі мұнайымызды - сыртқа тасымалдаудың бір жолы есебінде 1992 жылы Халықаралық деңгейдегі акционердің келісімімен құрылған Каспий құбыры консорциумы болғаны белгілі (орысшалағанда КТК). Каспий құбыры концорсиумы - Ресейде тіркеліп, оның аумағы арқылы өтіп, Новороссиск порты арқылы Қара теңіз арқылы мұнай тасымалдайды. Сондықтанда Ресми тіркелгені еліне байланысты КТК -деп аталады. КТК құбыры арқылы тасымалданатын мұнайдың басым бөлігі - Қазақстан өнімі. Ресей мен Украина арасындағы соғыс қимылдарының өршуімен Новороссиск порты

КТК-дегенде телеарна деп қалмаңыздар.

Қазақстан - Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан - ашық теңіз бен мұхиттарға шығар жол жабық.

- Шығыс Азияның жағалаулық сауда қалаларына шығу үшін - Қытай арқылы тауар тасымалдаймыз.

- Етіміз бен Ұнымызды Таяу Шығыс елдеріне жеткізу үшін - Иран аумағын дәліз ретінде пайдаланамыз.

- Ал мұнайымызды Еуропа елдеріне жеткізу үшін көршілес Ресей мемлекетінің аумағын пайдаланамыз.

Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бастан ішкі мұнайымызды - сыртқа тасымалдаудың бір жолы есебінде 1992 жылы Халықаралық деңгейдегі акционердің келісімімен құрылған Каспий құбыры консорциумы болғаны белгілі (орысшалағанда КТК).

Каспий құбыры концорсиумы - Ресейде тіркеліп, оның аумағы арқылы өтіп, Новороссиск порты арқылы Қара теңіз арқылы мұнай тасымалдайды. Сондықтанда Ресми тіркелгені еліне байланысты КТК -деп аталады.

КТК құбыры арқылы тасымалданатын мұнайдың басым бөлігі - Қазақстан өнімі.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс қимылдарының өршуімен Новороссиск портындағы КТК мұнай жинақтаушы базалалары бірнеше мәрте соққының астында қалып, істен шыққан белгілі.

29 қарашада жасалған Украиннаның басқарушысыз су дрондық катерінің соққысы Новороссиск портындағы мұнай өңдеуші секторды әжептеуір зақымдап - КТК акционерлік қоғамдастығының әрекетін белгісіз уақытқа тоқтатып, Қазақстан мұнайының Еуропалық қабылдаушыларға жеткізуге кедергі келтірген болатын.

Бұл оқиға Қазақстан қоғамын селт еткізгенімен, екі түрлі ойдың туындауына әкелді.

1. Украина әрекетін сынап, ресми қарсылықты талап етіп - Қазақстан мұнайын Ресей арқылы Еуропалық тұтынушыларға жіберу қауіпті, Ресей тарапы КТК мұнай тасымалының қауіпсіздігіне жауап бере алмайды-деп балама жолдарды іздеу керектігі жөнінде дабыл қағып жатыр.

  • Украина тарапының соққы жасауы дұрыс емес.
  • Ресей тарапы өз аумағы арқылы өтетін мұнай құбырының қауіпсіздігіне жауап бере алмайды.

2. Украина тарапының КТК мұнай құбырына жасалған соққысына - дабыл қақпай, мұнай тасымал құбырының соғыс жүргізіп жатқан елдің аумағында өтіп жатқанын еске салып, Ресейді - құбыр қауіпсіздігіне жауап бере алмағандықтан, жауапкершілік Ресейде болу керек-деуде. Бұл пікірге қосылатындар Украина тарапының соғыс жүргізіп жатқан аумағында қорғану сипатында соққы беруге құқығы бар дейді.

  • Украина тарапының соққысы - біздің экономикалық мүддемізге қайшы келгенімен, моральдық тұрғыда дұрыс.
  • Украина әрекетін айыптай отырып, Ресей - Украина жанжалына кірігіп кетпейік.

КТК акционерлік үлесінің басым бөлігі - Ресейлік компаниялық еншісінде. КТК мұнай құбыры Ресей Федерациясы арқылы өтетіндіктен - бұл мемлекеттің жауапкершілігі басым түрде көрінуі керек.

Украина тарапының КТК мұнай құбырының тасымал аймағына шабуылдауының басты мақсаты - Ресей Федерациясының халықаралық қауымдастық пен мұнай өндіруші компаниялар арасында беделін түсіру.

КТК акционерлерінің арасында Қазақстан мен Ресей Федерациясының компанияларынан басқа - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Кипр мемлекеттеріде бар.

КТК мұнай құбырының тасымал аймағы мен оның өңдеуші резервуарларына жасалған соққы тек кешегі күннің еншісінде емес 2021 жылдан бері басталған, соғыс аяқталғанша жалғасуы мүмкін.

Қазақстан тарапы Еуропаға тасымалданатын мұнай бағытын әртараптандырып, жанжалға кірігіп кетпей өз мұнайын тасымалдайтын балама жолдарды іздеуі керек

-2

-3

Суреттер ғаламтордан алынды