Найти в Дзене

Жақын аралықта Израиль мен Ливандық "Хезболлах" ұйымы арасындағы соғыс өрті басталуы мүмкін.

Таяу Шығыста соғыс өрті - кездесоқ басталып кетуі ғажайып нәрсе емес. Көпұлтты Таяу Шығыс қоғамында әртүрлі этникалық топтар - өзін-өзі қорғау мақсатында қаруланып алған. Сол этникалық топтардың діни тұрғыда - Израиль мемлекетін мойындамауы соғыс өртінің шығуына басты мысал. Израиль мемлекеті құрылғаннан бері Палестиналық топтардан басқа - Ливандық "Хезболлах" ұйымымен соғысып келе жатыр. Қазіргі таңда - Израильмен қақтығысуға Йемендегі "Ансаруллах" ұйымы белсенді қосылса, болашақта - Сириядағы жаңа өкіметте бейтарап қалмауы мүмкін. 2023 - 2024 жж. соғысып, 2025 жылы бітімге келгенімен Израиль тарапының Ливанның оңтүстігін бомбылауы жалғасуда. Оған Израиль ұшақтарының Бейрут қаласында - осы ұйымның әскери штаб қолбасшысы Хайтам әл-Табатабаиды өлтіруі - Ливан парламентіндегі "Хезболлах" ұйымымен саяси байланысы бар партиялардың наразылығын тудыруы Ливан қоғамына жаңа көзқарастар әкелуде. Оған Оңтүстік Ливандағы өзгерістер басты себеп. Израиль мемлекетінің Сирияның оңтүстігіне бақылау о

Таяу Шығыста соғыс өрті - кездесоқ басталып кетуі ғажайып нәрсе емес.

  • Бұған өңір халқы психологиялық тұрғыда үйреніп алған. Бүгін жасалған бітім, келесі күні бұзылып кетуіне ешкім реніш білдірмейді.
  • Бұл аймақта - қаруланған топтардың ешқайсысына сенім жоқ.

Көпұлтты Таяу Шығыс қоғамында әртүрлі этникалық топтар - өзін-өзі қорғау мақсатында қаруланып алған.

  • Қысымға соққымен жауап береді.

Сол этникалық топтардың діни тұрғыда - Израиль мемлекетін мойындамауы соғыс өртінің шығуына басты мысал.

  • Еврей мемлекетіде өзін-өзі қорғау үшін түрлі этникалық-діни топтармен қақтығысқа түсіп отырады. Бұл соғыс қимылдарына Израиль қоғамына үйреніп алған.

Израиль мемлекеті құрылғаннан бері Палестиналық топтардан басқа - Ливандық "Хезболлах" ұйымымен соғысып келе жатыр.

Қазіргі таңда - Израильмен қақтығысуға Йемендегі "Ансаруллах" ұйымы белсенді қосылса, болашақта - Сириядағы жаңа өкіметте бейтарап қалмауы мүмкін.

2023 - 2024 жж. соғысып, 2025 жылы бітімге келгенімен Израиль тарапының Ливанның оңтүстігін бомбылауы жалғасуда.

  • Таяу Шығыстағы саяси сарапшылардың ойынша жақын аралықта - әскери әлеуетін 2023-2024 жж. соғыстан кейін қайта сауықтырып жатқан "Хезболлах" ұйымы Израиль мемлекетіне қарсы қайтарымды жауап беруі мүмкін делінеді.

Оған Израиль ұшақтарының Бейрут қаласында - осы ұйымның әскери штаб қолбасшысы Хайтам әл-Табатабаиды өлтіруі - Ливан парламентіндегі "Хезболлах" ұйымымен саяси байланысы бар партиялардың наразылығын тудыруы Ливан қоғамына жаңа көзқарастар әкелуде.

  • Жақын аралықты "Хезболлах" ұйымы жауап ретінде - Израиль мемлекетінің Оңтүстік Ливандағы соққыларына жауап беріп, Израильдің Солтүстік аудандарын соққыға алуы мүмкін.

Оған Оңтүстік Ливандағы өзгерістер басты себеп.

Израиль мемлекетінің Сирияның оңтүстігіне бақылау орнатып, друз сепаратистеріне қолдау көрсетуіде - жауапсыз қалмауы мүмкін. Израиль әскерінің Сирияның Бейт-Джан елді-мекеніне жасаған соққысы Дамаск билігінің наразылығын тудырған болатын.

  • Ливан үкіметінің АҚШ пен Израиль қысымымен "Хезболлах" ұйымын қарусыздандыру талабын бастартуы - Израиль қысымына жауап бермейтіндігін байқатқан болатын.
  • Ливандық "Хезболлах" ұйымының қайта қарулану әрекетінің байқалуы - Израильге қарсы қақтығыстың болатындығын байқатып отыр. Тек уақыт шегерілген сияқты.

"Хезболлах" ұйымы Израильге соққы беру үшін өңірдегі әсіресе көршілес Сириядағы жағдайды басты назарға алып жатқан сияқты.

Жақын аралықта Сириядағы өзгерістер, Ливандық "Хезболлах" ұйымымен - Израильдің арасындағы соғыс қимылдарының қайта басталуына себепші болуы мүмкін.

Сириядағы жаңа өкіметтің өз аумағы арқылы Ираннан- Ливанға тасымалданатын қару-жарақтар тасымалына бақылау орнатпауыда - "Хезболлах" ұйымының қаруланып жатқандығын байқатады.

Ливандық "Хезболлах" ұйымының - Израильге қарсы жауап беруіне сырттан сигнал күтіп тұрған секілді

Сурет ғаламтордан алынды