Найти в Дзене

Ноғай этнонимының пайда болуы жәйлі жорамалдар

Түркі тілдес халықтар арасында қазақ халқының тілдік және мәдени тұрмыстық жағынан алғанда қарақалпақ пен ноғай халықтарынан жақыны жоқ. Балқарлар және қатаған халықтары - қазақ халқына тілдік жақын болғанымен, балкарлардың салт-дәстүрі кавказданып, ал қатағандықтардың тұрмыс-салты өзбектеніп, парсыланып кетті. Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған Алтын Орда мемлекетінің ыдырау кезеңінде пайда болған ноғайлы бірлестігі - өз атауын моңғол тілінен бастау алады. Ноғай халқының этнонимдық мағынасы: 1. ит 2. қасқыр Ноғай халқының атауы моңғол тілінен әсерімен пайда болған деген нұсқаны ХІХ ғасырда өмір сүрген тарихшысы А. Ф. Вельтман ұсынған. Шамасы А. Ф. Вельтман өз көзқарасын Н. М. Карамзин жазбаларына сүйеніп ұсынған болар. Шынымен-ақ моңғолша ит нохой деп аталады. Ал моңғол тіліне жақын қалмақ тілінде ит ноха деп аталады. А.Ф. Вельтманның теориясы нақты ма әлде болжам ба? Оны дәл айту қиын. Ортағасырларда ит, қасқыр, бұқа деген айбындылықтың белгісі болған. Ноғай этнонимының - саяси эт

Түркі тілдес халықтар арасында қазақ халқының тілдік және мәдени тұрмыстық жағынан алғанда қарақалпақ пен ноғай халықтарынан жақыны жоқ.

Балқарлар және қатаған халықтары - қазақ халқына тілдік жақын болғанымен, балкарлардың салт-дәстүрі кавказданып, ал қатағандықтардың тұрмыс-салты өзбектеніп, парсыланып кетті.

Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған Алтын Орда мемлекетінің ыдырау кезеңінде пайда болған ноғайлы бірлестігі - өз атауын моңғол тілінен бастау алады.

Ноғай халқының этнонимдық мағынасы:

1. ит

2. қасқыр

Ноғай халқының атауы моңғол тілінен әсерімен пайда болған деген нұсқаны ХІХ ғасырда өмір сүрген тарихшысы А. Ф. Вельтман ұсынған. Шамасы А. Ф. Вельтман өз көзқарасын Н. М. Карамзин жазбаларына сүйеніп ұсынған болар.

Шынымен-ақ моңғолша ит нохой деп аталады. Ал моңғол тіліне жақын қалмақ тілінде ит ноха деп аталады.

А.Ф. Вельтманның теориясы нақты ма әлде болжам ба? Оны дәл айту қиын.

Ортағасырларда ит, қасқыр, бұқа деген айбындылықтың белгісі болған.

Ноғай этнонимының - саяси этнонимге айналуына Алтын Орда мемлекетіндегі саяси жағдайлар себепкер болса керек. Мысалы, көршілес өзбек халқы өз атауын Алтын Орда мемлекетінде 1313-1341 жж. билік құрған Өзбек ханның есімімен байланыстырады.

Кімнің халқы? Өзбек ханның халқы,

Кімсіндер? Өзбек ханның бақылауындағы халықпыз.

  • Ноғай атауымен Алтын Орда мемлекетінде екі тұлға өмір сүрген

1. Беклербек Ноғай. Алтын Орда мемлекетінің Батыс аймағы - Византия мемлекетімен шекаралас аймақтың билеушісі. Тарихта Иса Ноғай деген есімімен қалған. ХІІІ ғасырдың аяғында Алтын Орда мемлекетінің саяси өміріне әсер ете алған тұлғалардың бірі.

2. Қара Ноғай. 1361-1364 жж. Алтын Орда мемлекетінің Сырдария өзені аңғарындағы иелігінің билеушісі. XIV ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орда мемлекетіндегі ықпалды саяси тұлғалардың бірі.

Қай Ноғайдың - Ноғай халқының этнонимдық атауына әсер еткені белгісіз?

  • Басқа нұсқа бойынша ит жануары Маңғыт тайпасының тотемдік жануары болған. Ноғай атауының шығуы тарихи тұлғаларға емес ру-тайпаның қасиеттің тотеміне байланысты шыққан делінеді

Ноғай этнонимының шығуын моңғол тілінде ноһан - шөп, нуга - шабындық сөздерімен байланыстыратын жорамалдар бар

Сурет ғаламтордан алынды