Талдықорған қаласында Жетісу өңірі мен барша қазаққа танымал ХІХ ғасырдың белгілі ақындардың бірі, суырыпсалма өнердің Жетісу мектебінің өкілдерінің бірі Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығы "Дүбірлі туған дүлділім" атты халықаралық ақындар айтысы шеңберінде тойланып өтті. Талдықорған қаласының беделді блогері болмасамда - белсенді блогері есебінде аталмыш іс-шараны тамашалау бақыты бұйырды. Халықаралық ақындар айтысы - Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жылдығына арналған Республикалық ғылыми конференцияның жалғасы болды десек болады. Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласының Бикен Римова атындағы драма театрында өткен халықаралық ақындар айтысы - Қазақстанның жеті облысы мен көршілес Қырғыз Республикасынан ақындар келіп қатысты. Қарағанды облысы - Мақсат Ақанов, Жамбыл облысы - Алтынкүл Қасымбекова, Павлодар облысы - Асланбек Шұғатай Абай облысы - Рүстем Қайыртай Қызылорда облысы - Ержан Әміров Алматы қаласы - Бибігүл Тілеболдинова Қырғызстан Республикасы - Изат Айдаркулова
Талдықорған қаласында - Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жылдығына орай Халықаралық ақындар айтысы болып өтті.
15 ноября 202515 ноя 2025
3
1 мин